АБОНЕНТТЕР АРАСЫНДА ҰТЫС ОЙЫНЫН ӨТКІЗДІ

Қызылорда облыстық телекоммуникация дирекциясы VIP топтамасына қосылған облыс орталығы тұрғындары арасында  ұтыс ойынын өткізді.
ОТД коммерциялық директоры Әсия Айсаеваның айтуынша дирекцияда тұтынушылар үшін мұндай науқандар жиі ұйымдастырылады.
VIP топтамасына қосылған осы науқан қатысушылары шектеусіз интернет, цифрлық теледидардың 100 — ден аса арнасы, үздік сериалдардың бірегей топтамасы, караоке, «Ата-ана бақылауы» қызметі, Қазақстан бойынша қалалық және «Алтел» нөмірлерге тегін қоңырау шалулар секілді қызмет түрлерін қолдану мүмкіндігін алады,- деді ол.
Абоненттің жеке реттік нөмірін кездейсоқ іріктеу әдісімен өткізілген ойында   Сәкен Оразымбетов, Анатолий Лигай, Азат Сердалиев, Роза Тойбазарова,  Гүлмира Досымова, Николай Волынчук, Наржан Сәрсенбаев, Айнұр Қайбалдиева, Қасымхан Базарбаев, Әлия Рамазанова, Нұрымжан Сопбеков, Айгүл Тәуекелова, Ербол Күздібаев, Амантай Қошназаров құнды сыйлықтардың иегері атанды.
Көрудің саны: 16  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру