Афроамерикалықтармен биге басқан Бүркіттің жары желіні шулатты (видео)

Әнші Бүркіттің жұбайы Айша латын-америкалық билердің нағыз ханшайымы. Ол Бүркітпен танысқан кезде Алматыдағы танымал хореографтардың бірінен сабақ алып жүрген. Ал әншімен бас қосқаннан кейін, бар өнерін Бүркіттің бейнебаяндарына салып жүрді.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бүгінде екі ұл тәрбиелеп отырған Айша бұрынғыдай ел алдында секіріп билемейді. Алайда іштегі өнер сыртқа шықпай қойсын ба? Ол мүмкіндік бола қалса, көрермен көзінен таса жерде билеп алғанды ұнатады. Оны желіде пайда болған бір емес, бірнеше видеодан аңғардық.

Мәселен, санаулы минуттар бұрын әнші Бүркіт жұбайының афроамерикалықтармен билеп жүрген сәтін жариялады. Жазбасына қарасақ, Бүркіт осылайша тыңдармандарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлағысы келген сыңайлы.

Айтпақшы, шетелде демалып жатқан жұлдызды жұп әдеттегідей қай елде жүргендерін жасырып қалған.

Өз кезегінде желідегілер Айшаның өнеріне тәнті болды.

“Айшаның сүйікті биі, керемет”, “Күшті, қарап отырып, өзімнің де билегім келіп кетті”, “Айша ханым, жарайсыз, жабық киініп алыпты”, “Сөз жоқ керемет”, – деп тамсанды олар.

Көрудің саны: 819  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру