“Қайда?” әнінің қырғызша нұсқасы пайда болды (видео)

Ерке Есмаханның орындауындағы “Қайда?” әнінің қырғызша нұсқасы пайда болды. Бұл ретте желідегілер әнді кімнің кімнен ұрлағанын анықтай алмай, өзара дауласып жатыр.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қырғыз қызының “Қайдасы” 30 шілдеде жарық көргенін ескерсек, әнді айырқалпақты ағайындар бізден ұрлады деп айтуға негіз бар. Себебі Еркенің “Қайда?” атты бейнебаяны желіге 2017 жылдың 9 маусымында жүктелген.

Оның үстіне, бұған дейін бірнеше сұхбатында Ерке бұл әнді Диана Исмаилова есімді жас сазгерге жаздырғанын айтқан болатын.

Көрудің саны: 819  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру