Қайрат Нұртастың даусын айнытпай салатын балақай көпті таңдай қақтырды (видео)

Қайрат Нұртастың даусын айнытпай салатын бала желідегілерді таңдай қақтырды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Шамамен 10 жасар жеткіншек «хитмен» әншінің репертуарындағы танымал «Бара алмадым» әнін орындаған.

Желі оқырмандары балақайдың талантына таңдай қақты. Көпшілік расында да балақайдың даусының Қайратқа ұқсайтынын айтты. Олар жұлдыз болу үшін балаға бойындағы ұяңдықты жеңу керектігін тілге тиек етті.

«Даусы айнымайды екен», «Шындап айтса, даусы керемет», «Қайраттан да асады жастар әлі», «Өзі сондай ұялшақ», «Қайрат шәкірт қылса болады ғой», – деп пікір білдірді желі оқырмандары.

Көрудің саны: 177  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру