Алдағы күндері елімізде аптап ыстық болады

Оңтүстікте, аномальді ыстық әлі де сақталады. 2017 жылғы 20-22 маусымда болатын ауа-райы болжамы қандай?

Анамальды ыстық ауа-райы, оңтүстік, орталық және шығыс облыстарға орныққан. Егер де республиканың шығысы мен орталығында атмосфералық фронтарға байланысты қысқа мерзімді найзағайлы жаңбыр болып, осының әсерінен ыстықтың аздап әлсірегені байқалса, ыстық ауа-райы оңтүстік және оңтүстік шығыста әлі де сақталады, ауа температурасы нормадан 5-8ºС жоғары болады. Батыс Сібірдің үстінде орналасқан циклонның оңтүстік перифериясы Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарына әсер ететін болады. Сондықтан, осы аймақтың кей жерлерінде жаңбыр, найзағай, қатты екпінді жел соғып, бұршақ болуы мүмкін. Ауа температурасы нормаға жақын болады деп болжануда.

Астана қаласына арналған ауа райы болжамы

20 маусымда күн ала бұлтты болып, жауын жаумайды. Батыс, оңтүстік-батыс желі 9-14 м/с-ке тең. Түнде ауа температурасы +15+17 °С, күндіз +28+30 °С жылы.

21 маусымда күн ала бұлтты болып, жауын жаумайды. Оңтүстік-батыс желі 9-14 м/с-ке тең. Түнде ауа температурасы +15+17 °С, күндіз +28+30 °С жылы.

22 маусымда күн ала бұлтты болып, жауын жаумайды. Батыс, солтүстік батыс желі 9-14 м/с-ке тең. Түнде ауа температурасы +15+17 °С, күндіз +28+30 °С жылы.

Алматы қаласына арналған ауа-райы болжамы

20 маусымда күн алабұлтты болып, аздаған жаңбыр жауады. Ауа-райы түнде +19+21°С, күндіз +30+32°С деп күтілуде.

21 маусымда түнде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Ауа-райы түнде +18+20°С, күндіз +30+32°С. деп күтілуде.

22 маусымда күн ала бұлтты. Жаңбыр жаумайды. Түнде +20+22°С, күндіз +33+35°С жылы болады.

Көрудің саны: 144  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру