«Алматы – Қапшағай» трассасындағы тұяқты қыз қайда кетті? (видео)

Жаңа жол салынғалы Алматы мен Қапшағай арасындағы ескі тас жолдың бойында такси тоқтататын тұяқты қыз жоғалып кетті, деседі таксистер қауымы.

Естеріңізде болса,бұған дейінгі жылдары осы жолдың бойында белгісіз бір қыздың елесі такси тоқтатып тұратынын жұрт жарыса айтқан.

Сыбыс шығар деп сенбейін десеңіз, бұрындары осы жолда таксист болған жүргізушілер тұяғы бар қызды көргенін талай айтқан. Бәрінің әңгімесі бір болатын:

Тоқтаған көлікке мінетін қыз жүргізушіге нөмірін айтып, үйіне хабарласуын, қыздарының келе жатқанын айтуын сұрайды екен. Алайда телефонды көтерген адамдар қыздарының ертеректе қаза болғанын айтқанда таң қалған жүргізушілер салонда отырған қыздың жоқ болып кеткенін байқайтын.

«Елес туралы аңыз кең тарағаны сонша, көп жүргізушілер Қапшағай тас жолында такси тоқтатқан қыздардың барлығынан қорқып, тоқтамай кетіп жатыр. Бұл мәселені біршама зерттедім. Мұндай әңгімелердің тарап жүргеніне 20 жылдан асыпты және бұл әңгімелер негізсіз емес.

Мен жол бойында қайтыс болған сол қыздың ата-анасын таптым. Олар әлі Алматы қаласында тұрады. Оларға такси жүргізушілері бірнеше рет қоңырау шалып, қыздарын әкеле жатқанын айтқан.
Ол кісілер тіпті, жол бойына молда апарып, құран да оқытқан екен», — деген еді Алматы қаласының тұрғыны Мерей Рыскелдиев.

Бірақ Алматы мен Қапшағай арасындағы ескі жолдың орнына көпжолақты, бетонды магистраль салынғалы әлгі қыздың әруағы такси тоқтатуын сап тиған көрінеді.

Мақала ВК-дағы «Атамның басы-ай» тобында талқыланып жатыр.

Айта кетсек, осындай әруақтар туралы видеолар Youtube-те өріп жүр.

kaz.365info.kz

Толығырақ: http://alashainasy.kz/gazhaip/almatyi—kapshagay-trassasyindagyi-tuyaktyi-kyiz-kayda-kett-video-100234/

Көрудің саны: 1 065  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру