«ҚАМБАШ» ЖАҒАЛАУЫ ШАҚЫРАДЫ

Арал ауданына жасалған БАҚ өкілдері пресс-туры Қамыстыбас демалыс аймағында мәресіне жетті.
Ел ішінде «Қамбаш» аталып кеткен көлге келушілердің қатары жыл сайын артып келеді.  Тынығушыларға арналған шағын баспаналар да бой көтеріпті. Соның бірі – жеке кәсіпкер А.Әбенованың соңғы үлгіде салынған үйлері. Ол бір гектар жер теліміне 75 миллион теңге қаржы салып, кәсібін дөңгелентуде  Аталған демалыс аумағында заманауи үлгідегі волейбол, футбол, және теннис корды алаңдары бар.
Шағын және орта бизнесті қолдау – бүгінгі күннің басты талабы. Арал ауданында мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтарды ұтымды пайдаланып, кәсібін дөңгелентіп отырған іскер жандар аз емес. Қос тәулікті қамтыған пресс-тур осыны көрсетті.
Нұрболат Нұржаубай (сурет)
Көрудің саны: 60  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру