Апталық жұлдызнама (9 — 16 маусым)

ТОҚТЫ

Осы аптада сізге өмірдің қатал сабағын меңгеруге тура келеді. Айналаңыздағылармен сыпайы сөйлесе біліңіз. Осы аптада сіздің барлық жұмыстарыңыз жалынды ұранмен жүзеге аспақ. Сол үшін жұлдыздар көңіл-күйіңіз көтеріңкі болуын қалайды.

ТОРПАҚ
Бұл апта сіз үшін жаңа жоспарлар мен іс-қағаздарға толы болмақ. Сондықтан асықпаңыз, қарбалас жұмыстың бәрін бір күнде аяқтау мүмкін емес. Уақытыңыз бен жұмысыңызды дер кезінде үлгеріп отырсаңыз, жеке өміріңізде де өзгерістер болмақ. Онымен қоса, жұмысыңыздың жемісін көресіз.

ЕГІЗДЕР
Бұл апта сізді туысқандарыңызбен, әріптестеріңізбен және сүйгеніңізбен үлкен қуанышқа бөлемек. Жұмысыңыздағы барлық ойластырылған іс-шаралар жүзеге асады және сіз үшін барлық жағдайда тиімді болады. Сонымен қатар, осы аптада жолсапарға шығудың сәті түсіп тұр.

ШАЯН
Аянбай еңбек етумен немесе жан күйзелісімен келген еңбек оңай табылған еңбекке қарағанда әлдеқайда жоғары бағаланады. Сондықтан сәті түскен әрбір жетістіктеріңіз үшін қуаныңыз. Алайда тым мақтанып, көтеріліп кетпеңіз.Өзіңіздің жасаған әрбір жұмысыңыздың дұрыстығына көзіңіз жеткен соң, сізге әлі де көп еңбек етуге тура келеді.

АРЫСТАН
Осы апта бойы сіз көпшіліктің назарында жүресіз. Дүйсенбі мен сәрсенбі аралығында сізге берілген мүмкіндіктер мен шығармашылық шабытыңызды тиімді пайдалана біліңіз. Ал бейсенбіден бастап шегініске жол беріп, тосын жағдайлардың сіздің қатысуыңызсыз шешілгенін күтіңіз. Одан да әріптестеріңізбен қарым-қатынасыңызды жақсартуға, жаңа жоспарлар мен жаңа жобаларды құруға көбірек көңіл бөліңіз.

БИКЕШ
Бұл апта ескі жобалардың аяқталуымен өтпек. Сіздің абыройыңыз бен жетістіктеріңіз жоғары бағаланады, жұмыс бабымен бір сатыға жоғарыға көтерілесіз. Тек күмән келтіретін таныстыққа жол бермеңіз.

ТАРАЗЫ
Тұрмыстық және техникалық жағдайларға бола жоспарларыңызды бұзуға мүмкіндік бермеңіз. Осы аптада сізге бастаған ісіңізді аяғына дейін жеткізуге тура келеді. Қиын жағдайға тап болмас үшін болмашы жайттарға көңіл бөлмеңіз.Себебі сіздің қаржы мәселеңіз осы аптада оң шешімін күтіп тұр.

САРЫШАЯН
Бұл сіз үшін өте сәтті апта. Сол себептен уақытыңыз бен мүмкіндіктеріңізді зая етпей, қолда барды мүмкіндігінше пайдаланып қалыңыз. Әсіресе, тәжірибелік ортада сіздің мүмкіндіктеріңіз шыңдала түседі.

МЕРГЕН
Осы апта сізге үлкен табыс әкеледі. Туған-туыстарыңыз бен жақын адамдарыңызбен қарым-қатынасыңызды реттеңіз. Бұл апта қаржы мен материалдық сипаттағы сұрақтарды шешуге қолайлы. Оған қоса жұмыс бабымен бір сатыға жоғарыға көтерілесіз және жеке бизнесіңізді ашуға мүмкіндік бар.

ТАУЕШКІ 
Аптаның басында қаржы мәселесінде тұрақтылық орын алады. Бұл кезең жеке бас пен денсаулық мәселесі үшін қолайлы. Шыдамдылық танытыңыз және байыпты болыңыз. Сонда ғана көптен ойлап жүрген ісіңіз жүзеге асады.

СУҚҰЙҒЫШ
Бұл кезең өз-өзіңізге деген сенімділік пен іске құлшына кірісуіңіздің бастамасы. Еңбек түбі-құрмет. Сондықтан бұл апта сіздің еңбегіңізің еленіп, бағаланатын уақыт. Сол себептен әлі де талмай еңбектене беріңіз, жемісін көресіз.

БАЛЫҚТАР
Аптаның басын батыл шешіммен бастасаңыз болады. Сол үшін бар күш-жігеріңізді салып, мақсатыңызға жетуге талпыныңыз. Нағыз қуанышқа бөленіп, күліп жүретін уақытыңыз келеді. Сіздің көңіліңіздің көтеріңкі болуы қоршаған ортаға әсер етеді. Сондықтан достарыңыз бен жақындарыңызға көбірек көңіл бөліңіз.

Көрудің саны: 294  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру