Астанада қонақүй өртенді (видео)

Астанада қонақүйлердің бірінде өрт шықты.

Бұл мәліметті Астана қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі растады. «Сағат 15.20-да Республика даңғылы №54 үйде орналасқан «Реал» қонақүйінің ғимаратында өрт шыққаны жайлы хабарлама келді. Өрттің қонақүйдің 6-қабатында шыққаны белгілі болды», — деп хабарлады ТЖД өкілдері. Құтқарушылардың жедел түрде өртті сөндіруге кіріскені айтылады. Өрт 17 минуттан соң сөндірілді. «Өрттің аумағы 15 шаршы метрді қамтыды. Оқиға орнында 6 дана техника мен жеке құрамның 33 қызметкері жұмыс істеді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр», — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews.kz

Көрудің саны: 87  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру