Астанада Сирия бойынша келесі кездесудің қашан өтетіні белгілі болды

Сирия бойынша келіссөздердің кезекті раунды Астанада 10 шілдеде өтеді. Келіссөздерге БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы елшісі Стаффан де Мистура да қатысуды жоспарлап отыр, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Бұл туралы РФ СІМ басшысы Сергей Лавров мәлімдеді. «Кездесуде тараптар деэскалация аймақтарында орнауы тиіс режимді қамтамасыз етудің нақты параметрлерін келісуді аяқтауға келіскен», — деп мәлімдеді Лавров БРИКС елдері (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және ОАР) СІМ басшыларының кездесу қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.

«Қамшы» сілтейді

http://www.qamshy.kz/Home/show/20597

Көрудің саны: 38  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру