Астанам — айбыным

Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі болған ару Астананың келбетіне қарасаң көз тойған ба шіркін?! Азғантай уақыт ішінде төрткүл дүниеге танылып үлгерген Елордамыздың төрінде күні бүгінге дейін жарыса бой көтерген зәулім ғимараттар қатары жетерлік. Осынау бабалар жайлауының ізі қалған Сарыарқа төсін кейінгі ұрпағы құтты қоныс еткелі де биыл 19 жыл. Мұның бәрі Елбасы Н. Назарбаевтың жемісті еңбегі. Әр жыл Астананың ажарын одан әрі ажарландыра түскендей. Ару қаланың алып кеудесі әлі күнге қызу құрылыстан арылған емес. Демек жас қаланың жыл өткен сайынғы көрінісі түрлі көріністермен өзгере бермек.

Міне, күллі қазақтың мақтанышына айналған әсем қала ғұмыры санаулы күндерден соң 19 жылды артқа тастайды. Яғни, шілденің 6 жұлдызы әрбір отандасымыздың ыстық ықыласына бөленген, ерке Есілдің етегін жағалай орналасқан Астананың туған күні. Ару қаланың Алаш баласының абыройы болғаны күн. Бұл өз кезегінде барша қауымға ортақ мереке екенін әркез дәлелдеп келеді. Олай болса туған күнің құтты болсын қазағымның бас қаласы, еліміздің астанасы-Астана!

А. Қарасайқызы,
оқушы.

Көрудің саны: 19  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру