Ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылық

Арал аудандық сотында азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы М-ның кәмелетке толмаған баласы заңды өкілінің ертіп жүруінсіз түнгі сағат 23.00-ден кейін тұрғын жайдан тыс жерде жүрген, яғни құқық бұзушылықты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.

Сотта құқық бұзушы М. кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкініп, қазіргі уақытта жұмыссыз екенін, алдағы уақытта бұндай әрекеттерге жол бермейтінін айтып, соттан айыппұл мөлшерін азайтуды сұраған.

Сот қаулысымен құқық бұзушыға Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 819 бабының 2 бөлігі басшылыққа алынып, 23 825 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Арал аудандық сотының

баспасөз қызметі.

Көрудің саны: 17  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру