Аудан ардагерлері көрмеге аттанды

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін тамашалаушылардың қатары күн санап артып келеді. Көпшіліктің көзайымына айналған, бүкіл әлем халықтарының таңданысын тудырған бұл көрме жайлы тіпті сөзбен айтып жеткізуге тіл жетпейтінін айта жүргендер де қаншама?! Бір мезетте бірнеше елге саяхаттау мүмкін емес десекте, ЭКСПО аумағына бір кіріп кіріп шыққан адамдар толықтай дерлік барлық әлем халқының мәдениетімен таныс бола алады.

Кеше осынау көркі көз тартқан көрмені тамашалауға ауданымыздың бірқатар елағалары аттанды. «Мың рет естігенше, бір рет көзбен көр» дегенді мақсат тұтқан бұл жандар қазақ халқының кешегісі мен бүгініне куәгер болып, халықтың басынан өткен қиындықтар мен ақжолтай игі жаңалықтарының жаршысы болып жүр.

Ел ағалық жасқа келсе де, көрмеге арттанар тұста көңілдері балаша алып ұшқан ардагерлердің тебіреністері мен ішкі толқуларын Серік Өтебәлиев ағамыздың мына сөзінен байқауға болады.

-Мен соңғы екі жылдың көлемінде Астана қаласына екінші рет ат басын тірегелі тұрмын. Былтыр тәуелсіздігіміздің тойына орай өткізілген марафонға қатысып, Астана қаласына шақырту алған болатынмын. Міне биыл қазақ тарихына алтын әріппен жазылуға тиісті үлкен көрмені өз көзімізбен көріп қайтуға мүмкіндік алдық. Мен күн санап қарышты дамып келе жатқан Астанамыздың ажары сол мен көрген бір жылдың өзінде адам танымастай өзгергеніне мол сенімдемін. Бүгінде көрме қонақтарының саны миллионнан асып кеткенінен барлығымыз хабардармыз. Сондықтан сол миллиондардың көңілінде өшпестей болып қалған әсем көріністердің куәгері боларына қуанып, көңілім алып-ұшып тұр,-деді.

Аудан әкімінің орынбасары Рүстем Өтешов аудан ардагерлеріне сәт сапар тіледі.

Оңталап ЖОЛДАСОВ.

Көрудің саны: 540  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру