БӨГЕНДЕГІ БЕРЕКЕЛІ ІС

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әр жылдардағы Жолдауы өркенді істерге бастайтынын уа- қыттың өзі дәлелдеп отыр. Өткенді бағамдап, тәуелсіздік алған жылдардан бергі кезеңдерде ауылдарда көрініс тапқан айшықты істерге зер салсақ, жоғарыда тілге тиек еткен ойымыздың дәлдігіне тағы бір мәрте көз жеткіземіз. Әсіресе, шалғайдағы ағайын «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» сынды бағдарламалардың игілігін сезініп, берекелі істерін жал- ғастырып келеді. Иә, үстіміздегі жылы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Сыр халқының алдындағы есепті жиынында аймақтың алымды асуы жаңашылдықтың жар- қын жемісі екеніне тоқталып, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына, алда атқарылатын міндеттерге жан-жақты басымдық берген болатын. Яғни, осынау маңызды басқосуда Елбасы Жолдауынан туын- дайтын негізгі бастамалар жайы да тақырыпқа арқау етіліп, өткен жылы облыста құрылған 133 ауыл шаруашылығы кооперативтері өзінің қатарына көптеген шағын тауар өндіруші өндірісті біріктіргені айтылған еді. Жуырда Бөген ауылдық округінде де мал басын асылдандыруға ден қойған қожалық туралы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінен білдік. Жаңалыққа жаны құмар кәсіби әдетімізбен аталмыш ауылдық округ әкімшілігіне хабарласқанымызда, бас маман Аралбай Әлішев:

-Үкіметтің қолдауын сезінген елдің әлеуеті артып келеді. Мұндағы жұртшылықтың бірқатары теңіз те- реңінен су маржанын сүзіп, балықшылық кәсіптен нәпақа тапса, енді біреулері мал басын еселеуге ден қойған. Солардың бірі-Марат Андызбаев. Ол 2014 жылы «Бихожа» шаруа қожалығын құрып, ауыл шаруашылығы саласының көкжиегін кеңей- туге өз үлесін қосып келе жатқан азамат. «Батпақты» және «Тұщы» өңірлерінен 400 гектар жерді жалға алған қожалық иесі үстіміздегі жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы «Арал ырысы» шағын несие серіктестігінен 10,0 млн. теңге несие алып, 2 бас асыл тұқымды бұқа, 60 бас аналық сиырды өріске салып, екі адамды тұрақты жұмыспен қамтығанын тілге тиек етті. Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады деген Ұлт Көшбасшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын өмірлік ұстаным еткен Мараттың кәсі- біне жеміс тілейміз.

А. ЖАЙШЫЛЫҚ.

Көрудің саны: 104  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру