Бас жүлдені иеленді

Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында Қызылорда облыстық соты және Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының қоғамда заңдылықты, тәртіпті нығайтудағы сот қызметінің маңызын, сот тәуелсіздігін қамтамасыз ету және олардың мәртебесін нығайту, сондай-ақ, фемида қызметкерлерінің ауыр да мәртебелі еңбегін ашуды мақсат еткен барысында ұйымдастырған «Сот репортері» байқауының қорытындысы жарияланып, марапаттау рәсімі өткізілген болатын.

Байқау қорытындысында, «Толқын» газетінің тілшісі Лаура Иманбайқызы Әйтімова бас жүлдені иеленіп, арнайы дипломмен марапатталды, сонымен бірге, бағалы сыйлыққа ие болды. Біз әріптесімізге алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жетістіктер тілейміз.


«Толқындықтар».

Көрудің саны: 63  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру