БАСТЫ МІНДЕТТЕРГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛДІ

Жуырда аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі мен аппарат мәжілісі өтті. Онда басты мәселелерге басымдық беріліп, міндетті жұмыстардың ор­ ындалу барысы талқыланды. Осынау кеңейтілген басқосу ба­ рысында аудан басшысы бірқатар ауыс-түйістерге тоқталып, жаңа қызметке тағайындалған азаматтар­ дың абырой биігінен көрінетініне сенім білдірді. Мұнан соң, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас­ шысы Сәбитжан Нұрғалиев «Сы­ баға», «Алтын асық», «Құлан» бағ­ дарламаларының жүзеге асуы тура­ лы хабарлама жасап, үстіміздегі жылы 8 шаруашылық асылдандыру бағытында жұмыс жасағанына тоқ­ талып, кейбір ауылдық округтер­ дің аталмыш мемлекеттік бағдарла­ малардан қалыс қалғанын қынжыла жеткізді. Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Рүстем Өтешов «Арал ауданының экономика салаларын дамытудың 2017-2019 жылдарға ар­ налған Жол картасы мен 2017 жыл­ дың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстары туралы» баяндап, кейбір жобалардың ел игілігіне жарағанын ортаға салды. Бұдан бөлек, ол Жол картасы шеңберінде қолға алы­ нады деп күтілген маңызды істердің арасында орындалуы қиын жоба­ лардың бар екенін де тілге тиек етіп, сол үшін бекітілген жобалар тағы бір нақтылауды талап ететінін айтты. Ал, 2017-2018 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы жайында аудан әкімінің орынбасары Мерей Мейірбеков кеңінен сөз етіп, әлеуметтік маңызы бар салалардың қысқа әзірлігі ойдағыдай екеніне тоқталды. Қосымша хабарлама жасаған білім бөлімінің басшысы Бөрі Дабылов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас­ шысы Тәңірберген Дәрменов, ау­ дандық орталық аурухананың бас дәрігері Марат Ршымбетовтер қысқа әзірлікті тағы бір мәрте пысықтады. Сондай-ақ, аппарат мәжілісінде ауданда жаппай кәсіпкерлікті дамыту мәселелері де сөз болды. Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Нұрлан Ахметов өткен жылмен салыстырғанда сала көкжиегі кеңейе түскенін атап өтіп, аймақ басшысының қолдауымен кә­ сіпкерлік саласында қаралған жо­ балар нақтыланып жатқанын на­ зарға ұсынды. Аудан әкімі сөзден іске көшетін кез жеткенін, ел үшін жасалатын әр­ бір бастаманы жүйелі түрде қолға алу қажеттігін нақтылап, Елбасы кәсіпкерлік саласына айрықша қол­ дау көрсетіп отырғанын, сондықтан, әлеуметтің әлеуетін арттыру жол­ дарын қарастыруды жиналғандарға міндеттеді. Ұлттық бірыңғай тестілеудің қо­ рытындысы да тақырыпқа арқау болып, биылғы сынақтан мектеп бі­ тіруші түлектер абыроймен өткенін, нәтижесінде, ауданымыз алдыңғы қатардан көрінгенін алға тартқан аудан әкімі ең төменгі көрсеткіштен көрінген мектеп директорларының қызметтік мәселесін қарауды білім бөлімінің басшысына тапсырды.

«Толқын» ақпарат.

Көрудің саны: 15  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру