Британдық стаматологтар онлайн-таныстықтың қандай қауіп төндіретінін атап берді

Британиялық стаматологтар танысу үшін онлайн қосымшалардың көмегіне жүгінудің қауіптіліктерін атады. Айтуларынша бұл тәсіл қолданушылардың денсаулығы мен өміріне тікелей қауіп төндіреді.

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Мамандардың айтуынша көп ретте онлайн танысу кездейсоқ жыныстық байланысқа, оның ішінде оральды секске ұрындырады. Ал қатынастың бұл түрі адам ағзасына қауіпті вирусты түсіреді екен.

Көбінесе бұл вирус жатыр мойнында рак тудырып, тілдің тініне өзгерістер әкеліп, көмейге қауіп әкеледі.

“Вакцинация және иммундау біріккен комитеті жалған болжамға негізделген шешім шығарды. Кездейсоқ және әдейі екеніне қарамастан, ол жағдай рактың дамуын тежеп және Tinder буынының сексуалды әдеттерін толықтай жойды”, – дейді Британ стаматологтар ассациациясының төрағасы Мик Армстронг.

Ұйымның мәліметінше, шешім 400 мыңнан астам британ жасөспірімдеріне қатысты, ал вакцинация комитеті соңғы жылдардағы интернет-үрдісті қаперге алмаған.

Ұлыбританияда соңғы 30 жыл көлемінде гортани рагы кең тарап кетті. Жыл сайын стаматологтар жүргізген диагностика бойынша бұл ауру тұрғындардан жиі табылады. Әдетте бұл вирус тұрмыстық және жыныстық жолдар арқылы қан, тері, шырышты қабық арқылы жұғады.

Көрудің саны: 154  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру