Британиялық ғалым: Адамдар жақын арада Жер планетасынан көшуі керек

Британиялық ғалым Стивен Хокинг адамзаттың алдағы 30 жылда Жер бетінен көшуі керектігін айтты.

 

Стивен Хокингтің айтуынша, 30 жылдың ішінде Ай мен Марста база орнатуға болады. Физик аталған аспан денелеріне өсімдіктер мен жануарлардың, саңырауқұлақтардың сынамаларын жіберуді ұсынды.

Ғалымның айтуынша, Жер планетасында физикалық ресурстар жойылып барады. Ол осы себепті Жер шарынан адамзаттың көшуі керек екенін айтады.

Хокингтің пайымдауынша, миграция жаһандық жылынуға байланысты мәселелерден алшақтауға көмектеседі. Сондай-ақ астероидтің құлауынан да құтылуға септігін тигізеді. Физик тек осындай жолмен ғана адамзат өмір сүруін жалғастыра алатынын айтады.

Көрудің саны: 87  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру