БЖЗҚ мəлімдейді

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2017 жылғы «14» қыркүйек

 

Меморандум талаптары жүзеге асырылып жатыр

 

Қызылорда облысы Шиелі ауданы

 

«БЖЗҚ» АҚ  Шиелі ауданы  әкімдігінің   қолдауымен қол қойылған ынтымақтастық туралы Меморандум  аясында  коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттік органдар мен аудан әкімдігінің белсенді топтарымен  кездесіп, аймақ тұрғындарының арасында  ақпараттық -түсіндіру  жұмыстарын  жалғастыруда.

2017 жылдың 14 қыркүйегінде сағат 15.30-да Шиелі әкімдігі аппаратының жанындағы «Арман» Мәдениет үйінде кезекті мәжіліс өтті. Кездесуге келгендердің ішінде әр жастағы адамдар мен әр түрлі кәсіп иелері – салымшылар мен зейнетақы жинақтарын алушылар болды.

Салымшылар мен алушыларды зейнетақы жинақтарының сақталуы, зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерді міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және төлеу шарттары туралы сұрақтар қызықтырды.

Кездесуде БЖЗҚ қызметкерлері  қор құрылғаннан бастап салымшылар мен алушылардың мүддесі бірінші кезекте екендігіне сендіріп, қазақстандық зейнетақы жүйесінің қалай жұмыс істейтіндігі, зейнетақы жинақтарының қалай инвестицияланып, табыстың қалай есептелетіндігі, салымшының, жұмыс берушінің және БЖЗҚ-ның қандай құқықтары мен міндеттері бар екендігі, жинақтаушы жүйеге неге белсенді түрде қатысып, тұрақты түрде зейнетақы жарналарын төлеп тұру керектігі туралы әңгімеледі.

Сондай-ақ БЖЗҚ –ның қызметі туралы ақпарат беру және қашықтықтан кеңес беру каналдары туралы – басқарма төрағасының блогы, қоғамдық қабылдау, қордың сайтындағы онлайн-кеңес беру мен кері байланыс секторы туралы, Қазақстанның барлық аймақтарынан тегін қоңырау шалуға болатын 1418 қысқа нөмірлі байланыс орталығы мен әлеуметтік желідегі ресми беттер туралы айтып берді.

Сонымен қатар қатысушылар БЖЗҚ-ның артықшылықтары туралы бейнеролик тамашалап, зейнетақы активтері біріктірілген соң, комиссиялық сыйақының көлемі бұған дейін жеке зейнетақы қорлары алып келген комиссиялық сыйақы көлемінен едәуір азайғандығын білді.

Одан басқа, зейнетақы активтері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландырылған соң әкімшілік шығындар азайтылып, салымшылар үшін тәуекелдерді азайту мақсатында инвестициялық стратегияның қайта қаралғандығы айтылды.

Шара қонақтары  HYPERLINK «http://www.enpf.kzм» www.enpf.kz сайтындағы болжамды зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыны айқындау бойынша интерактивтік шеберлік сыныбынан өтті.

Кездесу соңында қатысушылар БЖЗҚ қызметінің негізгі көрсеткіштерімен танысты. 2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,27 трлн теңге болды. Шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,09 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,62 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 430,3 мың бірлікті, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 39,83 мың бірлікті құрады.

2017 жылдың басынан бері салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 297,06 млрд теңге болды. Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы жыл басынан бері 4,3 пайызды құрады. Осы кезеңде инфляция деңгейі 3,8 пайыз болды.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ  HYPERLINK «http://www.enpf.kz» www.enpf.kz сайтында).

 

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар:  HYPERLINK «mailto:press@enpf.kz» press@enpf.kz

Көрудің саны: 40  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру