11 жасар қазақ баласы бөтелке үстінде тұрып кеуде көтеруден рекорд орнатты (видео)

11 жасар қазақ баласы бөтелке үстінде тұрып кеуде көтеруден рекорд орнатты (видео)

Астана EXPO-2017 көрмесі аясына Қазақстанның рекордтар кітабына кеуде көтеруден бес рет енген 11 жасар Амир рекорд орнатты. Амир Махмет бөтелке үстінде тұрып 53 рет кеуде көтеру жаттығуын жасады, деп хабарлайды Zakon.KZ. Бұл жеңісін Амир Білім күніне арнады. Оқушыларды жаңа оқу жылында үздік оқуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Амир атақты Қажымұқан Мұңайтпасовтың ауылының тумасы. Ол сол ауылда тұрады.

Толығырақ

Сәкен Майғазиев келіншегін жаңа бейнебаянымен қуантты (видео)

Сәкен Майғазиев келіншегін жаңа бейнебаянымен қуантты (видео)

Сәкен Майғазиев келіншегін “Жүрегімнің ішіндегі жүрегім” деп аталатын жаңа бейнебаянмен қуантты. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Ағымдағы жылдың 28 шілдесінде Сәкен Майғазиев отасқандарына 20 жыл толған келіншегіне тосын сый жасаған болатын. Ол мерейтойларының құрметіне келіншегін Алматының төрінде орналасқан, 30-қабаттағы мейрамханаға алып барып, романтикалық кешкі ас ұйымдастырды. Мұнымен қатар, жуырда ол келіншегіне арнап “Жүрегімнің ішіндегі жүрегім” атты бейнебаян түсірді. “Анасына сыйлаған 41 гүлімнен-ақ ол кісінің 20-ға толғанын біліп қойған шығарсыздар. Алла тағала қасиетті арафада тілеген дұғаларымызды қабыл еткей. Жүректеріңіздің ішіндегі жүректеріңіз аман болсын. Алла – ұлық!” – дейді Сәкен Майғазиев. Бейнебаянды тамашалап үлгерген желі…

Толығырақ

Қайрат Нұртастың жұбайымен билеген видеосы желіні жарды (видео)

Қайрат Нұртастың жұбайымен билеген видеосы желіні жарды (видео)

Жарын ел көзінен тасада ұстайтын Қайрат Нұртас тағы да ұсталып қалды. Желіде Қайраттың жары Жұлдызбен бірге билеген видеосы тарап кетті. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Видео Қайраттың інісі Аян Нұртасұлының үйлену тойында түсірілген. Өз кезегінде желідегілер жарымен билеген Қайраттың әрекетіне сүйсінді. Көпшілік Жұлдыздың тым әдемі екенін айтып, сұлулығына тәнті болғандарын жазған. Желідегілер арасында “сұлу болғанғандықтан қызғанып, жасыратын шығар” деп пікір білдіргендер көп болды.

Толығырақ

Теміртауда кассаға баса-көктеп кіріп, бір бума ақшаны алып кеткен ер адам видеоға түсіп қалды

Теміртауда кассаға баса-көктеп кіріп, бір бума ақшаны алып кеткен ер адам видеоға түсіп қалды

Теміртауда кассаға қарақшылық шабуыл жасаған ер адамның видеосы жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі бұл туралы мәліметті кейінірек жариялауға уәде берді.  Facebook желісіне тонау оқиғасының видеосын Бекжан Киманов жария етті. Оның айтуынша, видео оған WhatsApp мессменджері арқылы келген. Кадрларда пошта бөлімшесіне немесе ақша айырбас пунктіне ұқсас мекеменің кассасына ер адамның шабуыл жасағаны көрінеді. Кимановтың айтуынша, оқиға Теміртауда болған.  Ер адам кассаға кіріп, есікті ашпақшы болады. Кассашы қызбен сәл тілдескеннен кейін ол терезені шағып, кассаға кіріп кетеді. Сосын ер адам бір бума ақшаны алып, шығуға асығады. Қыз оны…

Толығырақ

БҚО-да болған жантүршігерлік жол апатының видеосы жарияланды

БҚО-да болған жантүршігерлік жол апатының видеосы жарияланды

Батыс Қазақстан облысында жүгенсіз жүргізуші кесірінен бір адамның өмірі қиылды, деп хабарлайды КТК. Тізгінге ие бола алмаған ол, қарсы бағытқа шығып кеткен. Оқиға Ақжайық ауданына қарасты Алмалы ауылының тұсында болған. Жолдың қарсы бағытына шығып кеткен Ауди көлігі осы Мерседеске келіп соғыпты. Ол қатты соққыдан жол жиегіндегі аялдамаға барып соққан. Ішіндегі 25 жастағы бойжеткен сол жерде жан тапсырды. Ал, Атырауға кетіп бара жатқан Аудидің ішінде жүргізушіден өзге адам болмапты.

Толығырақ

Семейде жүк көліктерінен құралған ерекше той кортежі жүріп өтті (видео)

Семейде жүк көліктерінен құралған ерекше той кортежі жүріп өтті (видео)

Семейде жүк көліктерінен құралған ерекше той кортежі жүріп өтті. Жас жұбайлар той кортежін ерекше жолмен жасағысы келген. Ерекше кортеждің куәсі болғана қалада бұған дейін мұндай той болмағанын айтп жатыр. Үйлену тойы кезіндегі жүк көліктерінің кортежі қаладағы ең көп талқыланып жатқан тақырыпқа айналды.

Толығырақ

Суретке түскенде екі саусақты көрсету нені білдіреді?

Суретке түскенде екі саусақты көрсету нені білдіреді?

Қазіргі кезде суретке екі саусақты жоғары қаратып түсу кеңінен тарады. Оның мәнісі неде? Нені білдіреді? Бұл сұрақтың жауабын көбіміз білмейтін де секілдіміз. Онда біле отырайық. Мысалы, америкалықтар суретке түсіргенде “Say cheese” дейді, «сүзбе деп айт», яғни, жыми дейді. Сол секілді, жапондықтар да бұрынырақ суретке күліп түсу үшін «екі», «ни» деп айтатын. Кейін ол екі санын саусақпен көрсету әдетке айналды. Осылайша, суретке екі саусақты жоғары қаратып түсу жапондықтардан «келген» ишара. Ал әлемде суретке екі саусақты көрсетіп түсу бейбітшілікті, достықты білдіретін белгі болып саналады.

Толығырақ

“Тойда тегін ән саламын”: Әнші Кенталдың қулығы әшкереленді (фото, видео)

“Тойда тегін ән саламын”: Әнші Кенталдың қулығы әшкереленді (фото, видео)

Әдетте, Талғат Кенжеболатовтың аты аталса “Super Star Kz”, “Х-factor” сынды ән жобалары ойға оралатын еді. Бұл жолы Кентал қалыптасқан қағиданы бұзды. Ашығын айтайық, ол “той әншілерінің” тізімін толықтырғанын жеткізді. Естеріңізге сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын Кентал инстаграм парақшасы арқылы видео-жазба жолдап, екі күн бойы тойларда тегін ән салатынын xабарлаған еді, деп жазады Stan.kz. Басында бөрік, кигені шапан! Талғаттың мұндай қадамға баруы да тегін емес болып шықты. Әнші жас жұбайлардың тойында кезекті клипін таспалауды көздеген. “Клиптің түсірілімі бойынша тойдың локациясы керек еді. “Құдағи” деген жаңа ән. Сондықтан, локация іздеп тегін…

Толығырақ

Тоқ бағанасына шығып мерт болған жеткіншектің денесі түсірілген сәт желіде тарап кетті (видео)

Тоқ бағанасына шығып мерт болған жеткіншектің денесі түсірілген сәт желіде тарап кетті (видео)

Желіде жас баланың тоққа түсіп мерт болған сәті жарияланып кетті. Видеодан үлкендердің тоқ соғып көз жұмған баланың денесін жерге түсіріп жатқаны байқалады. Видеоға түсірушінің айтуынша, жеткіншекті бірі түгі қалмай жанып кеткен. Кейбір желі қолданушылары оқиғаның Таразда болғанын айтуда. Марқұм баланың бағанаға не мақсатпен шыққаны белгісіз. Көпшілік шуласып жатыр. Желі қолданушылары көңіл айтып, өкініш білдіруде.

Толығырақ

Ернар Айдар елден жасырын түрде үйленіп алды

Ернар Айдар елден жасырын түрде үйленіп алды

Ернар Айдар елден жасырын түрде үйленіп алды. Дүркіреп өткен тойға журналистер шақырылған жоқ. Сондай-ақ, әншінің үйленгенін әкімшісі жоққа шығарып отыр. Алайда Stan.kz оқырманы тілшімізге Ернардың қалыңдығын ұзатып алған сәтінде түсірілген суретті жіберді. Ал үлкен той әншінің тойы өзінің туған жері Тараз қаласында бүгін, яғни 28 тамыз күні тойланбақ. Алайда Ернардың таңдаған жарына қатысты әзірге ешқандай мәлімет жоқ. Бұған дейін Ернардың ағасы әрі продюсері Талғат Айдар жақында Ернардың жеке өміріне қатысты бар құпияның ашылатынын айтқан болатын. Бұдан өзге, есімін атамауды өтінген бірқатар әріптестері Таразға Ернар Айдардың тойына бола барғандарын айтқан еді….

Толығырақ