Биыл соңғы 100 жылдағы ең суық қыс болады

Биыл соңғы 100 жылдағы ең суық қыс болады

Биыл Күн белсенділігі азайып, ауа температурасы едәуір төмендейді. Ауа райының өзгергенін алғашқылардың бірі болып Еуропа тұрғындары сезеді. «Ең төмен температура қазан айының ортасында тіркеледі», – дейді британдық ғалымдар. Процесс біздің планетамыздың жаңа климаттық циклға аяқ басуына байланысты. Жақын күндері Ирландияда температура нөлден төмен түсіп, бұрын-соңды болмаған ауа-райын танытпақ. Соңғы рет метеорологтар мұндай ауа-райын өткен ғасырдың 50-жылдарында байқапты. Қысы әлсіз Азияның өзін қалың қар басып қалады деп күтілуде.

Толығырақ

Энергетика министрі: Қазақстанда электр энергиясы тарифтері қымбат деп ойламаймын

Энергетика министрі: Қазақстанда электр энергиясы тарифтері қымбат деп ойламаймын

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев президент Назарбаевтың тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында тарифті көтеру туралы ойына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. “Барлық аймақтарда тарифтерге субсидия бөлінеді. Отын республикалық және жергілікті бюджет есебінен сатып алынады. Бүгін премьер-министр ШҚО, Жамбыл, Қостанай облыстарының өтініштерін қарауды тапсырды. Шын мәнінде отын сатып алуға кеткен шығын тарифте болуы тиіс, ал әкімдер болса өңірлерден ақша алып, бірақ тарифтерді көтермеу керек деп жұмыс істейді. Біздің ойымызша инвесторлар тартып, заманауи құрылғылар сатып алып, кеңес дәуірінде тұрғызылған жылу электр орталықтарының жұмысы үшін өз құнын төмендетуі тиіс. Сол кезде сәйкес…

Толығырақ

Президент тиімсіз кәсіпорындарға мемлекеттік қолдауды доғару керектігін айтты

Президент тиімсіз кәсіпорындарға мемлекеттік қолдауды доғару керектігін айтты

Елбасы тиімсіз кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау жасауды доғару керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жолдауда қаржыны нақты экономикаға дейін жеткізу мақсаты қойылды. Квазимемлекеттік секторда сыртқы әрі ішкі займдар үшін тыңғылықты мониторинг пен қадағалау қажет. Бізде екі қарыз бар, біріншіден, яғни мемлекет жауапкершілігіндегі үлесі төмен мемлекеттік қарыз. Ал квазимемлекеттік сектордың қарызы екінші мәселе. Осы орайда бұл бізге қатысты емес деп пайымдаудың реті жоқ. Уақыт өте келе бұл мәселе бізге қатысты болуы мүмкін. Сондықтан осы бағыттағы шаралармен қазір айналысу керек», – деді елбасы Парламент палаталарының бірлескен отырысында. «Қарызға ала бергендіктен, қазір тығырыққа тірелді. Не…

Толығырақ

Қазақстан мектептеріндегі сабақтар 40 минутқа созылатын болды

Қазақстан мектептеріндегі сабақтар 40 минутқа созылатын болды

Жаңа оқу жылынан бастап, мектептегі сабақтар 40 минутқа созылатын болды. Бұл туралы elorda.info хабарлайды. Білім және ғылым министрлігі енгізіп отырған жаңа өзгеріс, бес күндік оқу аптасының қолданысқа енгізілуіне тікелей байланысты болып отыр. Бұл ретте министрлік бес күндік оқу мәселесін әр мектептің өзі шешетінін де ескертті. Шешімді мектеп әкімшілігі ата-аналармен ақылдаса отырып қабылдайды.

Толығырақ

Арман Әшімов: Жеңілмеген спортшыны нокаутқа түсірген кезде үш мың адам қоңырау шалды

Арман Әшімов: Жеңілмеген спортшыны нокаутқа түсірген кезде үш мың адам қоңырау шалды

Елімізде соңғы уақытта ережесіз жекпе-жекке деген қызығушылық артып, спорттың осы түрімен айналысатын жастардың қарасы көбейіп келе жатыр. Спорттың бұл саласында бас бармақпен бағалайтын, әлемдік ареналарда қарсыласты қаһарымен қаймықтырған тарландарымыз аз емес. Қуат Хамитов, Арман Оспанов, Ардақ Назаров, Бейбіт Назаров, Қайрат Ахметов сынды жампоздардың ерлігін қазір жұрт жатқа соғып жүр, деп жазады baq.kz. Жақында Ингушетия жерінде әлемге әйгілі M1 Global турнирі өтіп, сол турнирде Арман Әшімов есімді қазақ баласы керемет нокаутымен көпшіліктің назарын аударды. Оның осы бір жекпе-жегін Youtube бейне-порталында қарағандар саны миллионнан асып кеткен. 25 жастағы қазақ баласының ерлігін өзгелер жарыса…

Толығырақ

Елбасы сот жүйесі туралы заңға енгізілген түзетулерге қол қойды

Елбасы сот жүйесі туралы заңға енгізілген түзетулерге қол қойды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақтың 4) тармақшасы алып…

Толығырақ

Банкрот: Зейнетақы қоры миллиардттап қаржы құйған шетел компаниялары шетінен жабылып жатыр

Банкрот: Зейнетақы қоры миллиардттап қаржы құйған шетел компаниялары шетінен жабылып жатыр

Шетелдегі проблемалық активтер әлдеқайда көп болып шықты. Зейнетақы қорының 600 миллион теңгесі Бразилиядан қайтпай қалған. Осынша қаржы құйылған компания аяқ астынан жабылыпты, деп хабарлайды КТК. Ал Лондон сотында қордың 12 миллиард 500 миллион теңгесіне қатысты мәселе әлі қарастырылып жатыр. Қалай болғанда да, қордың жалпы 40 миллиардтан астам проблемалық активтерінің түгелдей қайтатынына күмән бар. Өйткені, дефолттық компаниялардың қарызды өтеуге ақшасы жетпейді екен. Қазір зейнетақы қорының 40,5 миллиард теңге проблемалық активі бар. Бұл – 21 эмитенттің берешегі. Ал сол компаниялар қарызын қайтаруға құлықсыз. Тіпті, сот шешімі шықса да, оны пысқырып жатқандары шамалы….

Толығырақ

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі үлескерлік құрылыс жобасы бойынша өтініш қабылдай бастады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі үлескерлік құрылыс жобасы бойынша өтініш қабылдай бастады

Бүгіннен бастап Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) салымшылары «Millenium Park-2» (14-блок, 2-таңба) тұрғын үй кешеніндегі салынып жатқан пәтерлерді сатып алуға қатысу үшін өтініш бере алады. Кешен Астанадағы Тәуелсіздік алаңының маңында «Өз үйім» бағдарламасының аясында бой көтеруде. Құрылыс 2018 жылы ақпан айының соңында аяқталады деп жоспарланып отыр. Ал қазір банк клиенттері үлескерлік құрылыс қатысушысы атанып, тұңғыш рет болашақ пәтерді кепіл ретінде пайдалана отырып, несие ресімдей алады. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – «Өз үйім» бағдарламасының аясында Қазақстандағы Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қорының кепілдігі бар үлескерлік құрылыс жобасы…

Толығырақ

Мектептерге футбол сабағы енгізіледі

Мектептерге футбол сабағы енгізіледі

Қазақстан футбол федерациясы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту аясында дене шынықтыру пәнінің әр үшінші сағатында сабақ жүргізу үшін «Орта білім беру мекемелеріндегі 1-4 сынып оқушыларына арналған футбол бойынша әдістемелік оқу құралын» құрастырып, бекітті. Әдістемелік оқу құралы бастауыш сыныптағы дене шынықтыру мұғалімдері үшін көптеген иллюстрациялар мен түсінікті мәтіндер негізінде жасалған. Ұсынылған конспект-жоспарларда балалармен жұмыс істеудегі озық еуропалық әдістері негізінде балаларды дайындау кезінде жинақталған және сынақтан өткен материалдар бар, олар жас ерекшеліктеріне қарай сынып бойынша жіктеледі. Допты игеруді үйрету элементтері бар түрлі ойындар жинақталған. Балаларды шапшаңдыққа,…

Толығырақ

Головкин — «Канело» жекпе-жегін Қазақстанда қай телеарналар көрсетеді?

Головкин — «Канело» жекпе-жегін Қазақстанда қай телеарналар көрсетеді?

Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-1, 34 КО) жекпе-жегін Қазақстанда тікелей эфирде Qazaqstan және QazSport (бұрынғы»Қазақстан» және KazSport) телеарналары көрсететін болды, — деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, бокс кеші 16 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Астана уақыты бойынша, бокс кеші 17 қыркүйекте, яғни жексенбіде өтеді. Ал АҚШ-та Головкин — Альварес жекпе-жегін HBO телеарнасы ақылы трансляциялар жүйесі арқылы көрсетеді. Бір теледидардан көру құны — 75 доллар. Бокс кешіне барлық билет сатылып қойды.

Толығырақ