Динара мен Тимур Құлыбаевтар Казком акциясын сатып алуға рұқсат алды

Динара мен Тимур Құлыбаевтар Казком акциясын сатып алуға рұқсат алды

Казком 900 млрд теңгеден айырылды. Салымшылар соңғы 10 айда осынша көлемдегі қаражатын шешіп алған, деп хабарлайды КТК. 2016 жылдың қазан мен желтоқсан айы аралығында салымшылар заңды және жеке тұлға ретінде банктен 940 млрд теңге шешкен. Осы кездері еліміздегі екі банкті біріктіру мәселесі қаралып жатты. Ақырында Казком Халық банктің еншілес ұйымына айналды. Оған реттеуіштің қатаңдығы себеп екені айтылды. Ал бүгінде Динара мен Тимур Құлыбаевтар Казком жеңілдігін сатып алуға мүмкіндік алды. Болжам бойынша, олар акционерлік қоғамның жанама қатысушысы статусын алмақ. Сарапшылар қаржы саласында қиындық туып жатанын айтады. Банк несиесінің мемлекет ішкі өніміне үлесі…

Толығырақ

Елімізде кейбір банктер бірнеше жыл бойы несие рәсімдегендерден заңсыз комиссия алып келген

Елімізде кейбір банктер бірнеше жыл бойы несие рәсімдегендерден заңсыз комиссия алып келген

Еліміздің кейбір екінші деңгейлі банктері бірнеше жыл бойы несие рәсімдеген тұтынушылардан заңсыз комиссия алып келген. Мұны білген тұрғындар сот арқылы кеткен еселерін қайтаруда. Мәселен, Ақтау қаласында арнайы заң мамандары тұтынушыларға тегін кеңес беріп жатыр. Заңгерлер келісімшарттарды қайта қарап, заңсыз комиссияны қайтару жолдарын көрсетті, деп хабарлайды Qazaqstan арнасы. Мәселен, соңғы тоғыз айдың ішінде осы бағытта 1164 іс қаралып, 1024 іске қатысты шешім шығарылған. Несиенің көпшілігі көлік және тұтыну тауарларын алу үшін берілген. Былтырдан бері 2 млн. теңге заңсыз комиссия өндіріліп, тұтынушыларға қайтарылған. Едіге Меденов, Ақтау қалалық №2 мамандандырылған сотының судьясы: – Өндірісте қаралып…

Толығырақ

Білім министрі: Үш тілде оқыту кестесін келесі жылы өзгертеміз

Білім министрі: Үш тілде оқыту кестесін келесі жылы өзгертеміз

Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда ағылшын тілді мұғалімдерді даярлау және ағылшын тілінде оқыту жүйесіне көшу кестесін келесі жылы өзгертеді деп хабарлады білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. Бейсенбіде сенатта 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын талқылау кезінде сөйлеген Сағадиев республикада биыл мұғалімдерді ағылшын тілінде сабақ беруге даярлау және ағылшын тілінде оқытуға көшу тәжірибесі жүргізіле бастағанын айтты, деп жазады Азаттық. “Келесі жылы биылғы жыл соңында осы тәжірибе нәтижесінде алынған мәліметтер бойынша мұғалімдер даярлау мен ағылшын тілінде оқыту кестесін көпшілік талқысына салып, өзгертеміз” деді Сағадиев. Министрдің сөзінше, 2017 жылы елде тәжірибе аясында бір…

Толығырақ

Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек қазақ әліпбиі апострофсыз қалуы мүмкін екенін айтты.

Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек қазақ әліпбиі апострофсыз қалуы мүмкін екенін айтты.

Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек қазақ әліпбиі апострофсыз қалуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Sputnik хабарлайды. Қоғам мен мемлекет орфографиялық таңба қолайсыз деп тапса, бәрі мүмкін. Қажыбек жауап берген басты сұрақ: “Болашақта қазақ тілінің латын әліпбиі теория жүзінде ғана емес, тәжірибе жүзінде де апострофсыз қолданылуы мүмкін бе?” Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру бойынша жұмыс тобының басшысы Қажыбектің сөзіне сүйенсек, жақында бекітілген әліпбиді жетілдіру жұмысы аяқталған жоқ. Президен қол қойған жарлыққа қарамастан, әліпбидің қандай болатыны туралы нақты айтуға әлі ерте. Ғалымның айтуынша, әртүрлі нұсқалар ескерілетін болады, басты мақсат…

Толығырақ

Елімізде пара алып, тергеуді бұрмалаған жиырмадан астам прокурор істі болып жатыр

Елімізде пара алып, тергеуді бұрмалаған жиырмадан астам прокурор істі болып жатыр

Құзырлы орган қызметкерлері қылмысты ашудың орнына өздері заң бұзған. Олар лауазымын асыра пайдаланып,  күдіктіден ауызбастырық алған және кейбір материалдарды жасырып қалуға тырысқан. Мұны Бас прокурордың өзі мойындады, деп хабарлайд КТК. Жақып Асанов парақор прокурорларға қандай жаза қолданды? Бас прокурор парақорлардың алыста емес, айналысында жүргеніне өзі де таңырқап отыр. Қазір Асановтың қарамағындағы 20 қызметкерге қатысты іс қозғалған. Мұндай сұмдықты соңғы 15 жылда көрген емеспін дейді Бас прокурор. Араны ашылғандардың әрқайсының қылмысына қарай жазасы да әртүрлі екен. “Біреулерін сотқа беріп жатырмыз. Біреулері мойындап, басқа да неше түрлі жолдармен жазаларын жеңіл жолмен алып кетіп…

Толығырақ

Бекболат Тілеухан бас прокурордың шешендігіне қайран қалды

Бекболат Тілеухан бас прокурордың шешендігіне қайран қалды

Бүгін Қазақстан республикасының Бас прокуроры Жақып Асанов мәжілісте құқық қорғау органдары саласы қызметкерлерінің санасына сіңіп қалған жағымсыз әдеттер туралы айтқан болатын. Асановтың баяндамасына сүйсінген мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан оның шешендігіне тәнті болғанын жазды. “Шешендік құр әдемі сөйлеу деп білу түбегейлі қате! Олай болса, асабадан шешен ешкім жоқ. Шешендік – ойыңды анық, ұғынықты, әсерлі жеткізу. Мысалыңның діттегеніңе қызмет етуі. Айтарыңды айқын, егжей-тегжейлі білуің. Ендеше, ҚР Бас Прокуроры нағыз шешен. Меніңше, ең шешен қызметкер! Әмбе екі тілге бірдей. (Көбімізге арман өте қызығарлық қабілет). Оған ведомостволық мүддеден мемлекет мүддесін жоғары қоя білетін азаматтығын қоссаң жүдә жадырамақпыз….

Толығырақ

Алматылық өнертапқыштар көлікке арналған жанармай үнемдейтін құрылғы ойлап тапты

Алматылық өнертапқыштар көлікке арналған жанармай үнемдейтін құрылғы ойлап тапты

Алматылық өнертапқыштар автокөлікке арналған жанармай үнемдейтін құрылғы ойлап тапты. Тың аппаратты мамандар үйлерінде құрастырады екен. Үнемдегіш жабдыққа тіпті Ресейден тапсырыс түскен. Өнертапқыштар құрылғыларын әлі патенттемеген, деп хабарлайды Алматы арнасы. Рахат Файзоллаұлы Алматылық кәсіпкер. Ол, үнемдегіш құрылғыны алғаш орнатқандардың бірі. Күніне 70 шақырым жүреді екен. Айтуынша, аппаратты орнатқалы бері жанармай шығыны айтарлықтай азайған. Одан бөлек көлік жеңіл қозғалатын болды дейді. «Енді былай, өзім сезгенім – машинаның күші көбейген секілді. Оталу қабілеті кішкенедұрысталған. Содан кейін жолда жүрген кезде жылдамдық динамикасы өзгерген сияқты»,-деді Рахат Файзоллаұлы. Құрылғы ешқандай да зауытта құрастырылмайды. Мамандар мұны үйде жинаймыз дейді. Оған…

Толығырақ

Елімізде орташа жалақы 149 мың теңгені құрады — ҰЭМ

Елімізде орташа жалақы 149 мың теңгені құрады — ҰЭМ

ҚазАқпарат — 2017 жылдың қазанында Қазақстанда жұмыссыздар саны 438 мың адамнан асып, бұл көрсеткіш экономикалық белсенді халықтың санына 4,9 пайызды құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі таратқан мәліметінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2017 жылғы қазанның соңына 134,6 мың адамды құрады немесе ол елдің экономикалық белсенді халқының санына 1,5 пайыз деңгейінде.  Бұдан бөлек, 2017 жылғы қыркүйекте халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 79391 теңгені құрады.  Бұл 2016 жылғы қыркүйекке қарағанда 4,3 пайызға жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде…

Толығырақ

Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинациялауға қанша ақша жұмсалады?

Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинациялауға қанша ақша жұмсалады?

1 қазаннан бастап Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинациялау кампаниясы басталады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше,  2017-2018 жылдардағы эпидмаусымға бюджеттік қаражаттың 1 миллиард 200 миллион теңгесіне РФ өндірген «Гриппол плюс» вакцинасының 1,5 миллион дозасы сатып алынды. «Мемлекеттік бюджет есебінен вакцинациялаудан созылмалы өкпе, жүрек-қан тамыры ауруларымен ауыратын, иммундық тапшылығы, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медицина қызметкерлері мен жүктіліктің екінші және үшінші триместріндегі жүкті әйелдер алады. Сондай-ақ жұмыс берушілер есебінен және адамдардың жеке қаражатынан егілетін болады», — деді министрліктің баспасөз қызметіндегілер. Сондай-ақ, министрліктегілер Қазақстан халқына өз…

Толығырақ

Қазақстандағы скрининг қорытындысы: ерлердің 30 пайызы белсіз, жартысынан астамы ауруға шалдыққан

Қазақстандағы скрининг қорытындысы: ерлердің 30 пайызы белсіз, жартысынан астамы ауруға шалдыққан

«Ерлер денсаулығы орталығында» 25 мың қазақстандық ер адамға жасалған скринигінің қорытындысы жарияланды, — деп хабарлайды Elorda Media. Зерттеу кезінде ерлердің 30 пайызы белсіз екені анықталған, ал 44,2 пайызында жыныстық жолмен берілетін инфекция табылған. Сонымен қатар, зерттеуге қатысқан ерлердің 56,3 пайызында эректильді дисфункиясы бар.  «Жоғарыда аталған сырқаттарды емдеу үшін, дене тазалығын сақтап, белсенді өмір салтын ұстану қажет. Әрине темекі мен ішімдікті де азайтқан жөн», — дейді мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, медицина ғылымдарының докторы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас урологы Мырзакәрім Алшынбаев.  Оның сөзінше, Қазақстанда соңғы 12 жылда белсіз ерлердің саны екі есе азайған. Ал бүгінгі күні…

Толығырақ