Мал басы еселенуде

Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы саласына барлық жағдай жасалып келеді. Соның ішінде мал басын асылдандыру ісі мен ет және сүт өнімін өркендету бағытында мемлекет қаржыны аяған емес. Есесіне, бүгінгі таңда бұл бағытқа жұмсалған қаржылардың нәтижесі, еліміздегі ауыл шаруашылығы саласының өрісін кеңейтуде. Еліміздегі ауылшаруашылығы саласы өркен жайды. Осының бір дәлелі, Елбасы айрықша басымдық берген «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары, тірлігін малмен сабақтастырған жұртшылықтың ертеңге деген сенімін маздатты. Қазіргі күні елімізде шаруалар бағдарламалар игілігін көптеп сезінуде. Ежелден төрт түлігін өріске өргізіп, әлеуетін арттырған халықтың малсыз күнін елестете алмасымыз анық. Ынтымағы жарасқан ауыл тұрғындары…

Толығырақ

БӨГЕНДЕГІ БЕРЕКЕЛІ ІС

БӨГЕНДЕГІ БЕРЕКЕЛІ ІС

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әр жылдардағы Жолдауы өркенді істерге бастайтынын уа- қыттың өзі дәлелдеп отыр. Өткенді бағамдап, тәуелсіздік алған жылдардан бергі кезеңдерде ауылдарда көрініс тапқан айшықты істерге зер салсақ, жоғарыда тілге тиек еткен ойымыздың дәлдігіне тағы бір мәрте көз жеткіземіз. Әсіресе, шалғайдағы ағайын «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» сынды бағдарламалардың игілігін сезініп, берекелі істерін жал- ғастырып келеді. Иә, үстіміздегі жылы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Сыр халқының алдындағы есепті жиынында аймақтың алымды асуы жаңашылдықтың жар- қын жемісі екеніне тоқталып, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына, алда атқарылатын міндеттерге жан-жақты басымдық берген болатын. Яғни, осынау…

Толығырақ

Мал басы еселенуде

Мал басы еселенуде

Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы саласына барлық жағдай жасалып келеді. Соның ішінде мал басын асылдандыру ісі мен ет және сүт өнімін өркендету бағытында мемлекет қаржыны аяған емес. Есесіне, бүгінгі таңда бұл бағытқа жұмсалған қаржылардың нәтижесі, еліміздегі ауыл шаруашылығы саласының өрісін кеңейтуде. Еліміздегі ауылшаруашылығы саласы өркен жайды. Осының бір дәлелі, Елбасы айрықша басымдық берген «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары, тірлігін малмен сабақтастырған жұртшылықтың ертеңге деген сенімін маздатты. Қазіргі күні елімізде шаруалар бағдарламалар игілігін көптеп сезінуде. Ежелден төрт түлігін өріске өргізіп, әлеуетін арттырған халықтың малсыз күнін елестете алмасымыз анық. Ынтымағы жарасқан ауыл тұрғындары…

Толығырақ

Кәсіпкер болуға мүмкіндік мол

Кәсіпкерлік саласы қазіргі уақытта қоғамның жетекші күшіне айналғандай. Бұл бағытқа жұмсалатын қаржы қаншалықты қыруар болса, онымен айналысатын жандарға берер берекесі де соншалықты. Әрине, бұл іс барлығына бірдей жаға бермесі анық. Әйтсе де, осы саладан жолы болып, тасы өрге домалап жатқандардың жайы кім-кімді де таңдай қақтырмай қоймасы анық. Сондықтан, кәсіпкерлік ерекше табандылық пен еңбекқорлықты талап ететінін мойындауымыз керек. Иә, бұл салаға деген мемлекеттің жасап жатқан қамқорлығы мен жеңілдіктерін мақтанышпен айтуымызға болады. Мәселен, осыдан оншақты жылдар бұрын екінің-бірі кәсіпкерлікпен айналыса алмаушы еді. Тоқыраудың уақыттарында тіптен қиынның-қиыны еді. Қазір тәубе, кез-келген жан өзін…

Толығырақ

Жылқы баққан жігіт

…Аудан орталығынан шалғай жатқан Беларан ауылдық округінде мемлекет қамқорлығын тиімді пайдаланған шаруашылықтар баршылық. Мұндағылардың дені ірі қара өндірудің маңыздылығына ерекше мән беріп, ойсыл қара тұқымы мен жылқы басын көбейтудің жолдарын қарастырады… Жерден бас алмай жайылған табын-табын жылқы ұлан-ғайыр кең далаға сән бергендей. Ат үстіндегі азамат айналаны көзбен шолып, ауық-ауық қыр басынан өріс жаққа зер салады. Бұл-Мәлік Қожахметов. «Дәуқара» өңірінде қамбар ата тұқымын баққалы көп болған. Қаршадайынан ер қанатына баланған тұлпардың сырына қаныққан жігіт мына қоғамда еңбек еткен адамға барлық мүмкіндік жасалғанын жақсы сезінді. Сезініп қана қойған жоқ, алдағы мақсаттарын іс…

Толығырақ

Халыққа сапалы қызмет көрсетеміз

Еліміз экономикасы дамыған елу елдің қатарынан ойып орын алып отырған табысты мемлекет екенін айтуымыз керек. Иә, нарықтық экономика дамып, ел азаматтарының белсенділігі артып келеді. Елбасының сарабдал сара саясатының арқасында еліміздің экономикасы жан-жақты жаңғыртылып келеді. Жуырда Ата заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Оны баспасөзден мұқият оқып таныстық. Елімізді одан әрі жетілдіруге нақты қадам жасалды. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақыбырындағы Жолдауын жариялағаны мәлім. Жолдау жылдағыға қарағанда ерекшелігімен құнды дер едім. Онда жаһанның алдыңғы қатарлы 30 мемлекетінің қатарына қосылуға мүмкіндік беретін негізгі 5 басымдықты белгілеп…

Толығырақ

Алға қойылған асқаралы міндеттер

Алға қойылған асқаралы міндеттер

Сексеуіл кентіндегі мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар жетекшілері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа арнаған Жолдауын қызу талқылап, өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға сүбелі үлес қосатындықтарын жеткізді. Ел экономикасын арттыру жолындағы игі бастамалар, қарапайым халыққа жасалып отырған қамқорлық алға басуымыздың нақты көрінісі іспетті. Иә, қай салада болсын дамудың өркениетке жетудің оң қадамдары жасалды. Қол жеткізген жетістіктеріміз жұртшылықтың көз алдында. Әсіресе, Жолдауда айтылған агроөнеркәсіп саласы бойынша тәуелсіз еліміз тұрақты дамуын қамтитын, барлық салаға серпін беріп, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарларға құрылған стратегиялық құжат. Сөйтіп, агроөнеркәсіп саласын дамытудың нақты…

Толығырақ

Еңбек еткенге бақыт басын иеді

Еңбек еткенге бақыт басын иеді

«Қазақстан бизнесті жүргізуге ең қолайлы жағдайы бар елдер тобына кіреді және біз бұл үрдісті өрістете түсуге тиіспіз. Шағын және орта бизнес-біздегі жалпыға ортақ еңбек қоғамының берік экономикалық негізі, оны дамыту үшін жекеменшік институттың заңнамалық тұрғыда нығайтатын кешенді шешімдер қажет. Бизнесті дамытуға кедергі келтіретін барлық енжар құқықтық нормалардың күшін жою керек. Шағын бизнес ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналуы тиіс». Н.Ә.Назарбаев. Қазіргі қоғамдағы тіршіліктің негізгі көзі-шағын және орта бизнес, шағын кәсіпкерлікпен айналысу болып бара жатқанына көзіміз үйреніп қалғаны қашан. Нарықтық экономика заманында бұл жүйеге өту және осы бағытта жұмыс жасау қалыпты жағдай…

Толығырақ

Халық қолөнерін дамытушы

Халық  қолөнерін  дамытушы

Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан қа­зақ қолөнері қашан да құндылығын жойған емес. Себебі, зергерлік өнер­­дің туындылары жауға айбар, жа­­қын­ға мақтаныш, аруға-ажар, жі­гіт­ке-жі­гер береді. Ал, осындай қол­өнер­дің бір тармағы-ағаштан түйін түйіп, тері, сүй­ек, темірден түрлі ту­ын­­дылар жасап жүрген жер­ле­сі­міз, бү­гінде қала ор­та­лы­ғы­нан көр­кем­­деп безендіру ше­бер­ха­насын  ашып, көпшіліктің сұранысын қанағат­тан­ды­рып отырған Мырзабек Қаныбаев. Қазақ қолөнерін өрістетуге өзіндік  үле­сін  қосып жүрген шебер бізбен әң­гі­месінде: -Халық шеберлері темірді, күмісті, алтынды және олардың қоспаларын көркемдеп, өңдеу әдісін ерте кезден-ақ меңгеріп, олардың жыл сайын тех­­но­логиясын жетілдіріп, тамаша бұ­йым­дар жасаған. Мәселен, темірді бедерлеп құю мен өрнектеудің озық үлгісі республикамыздың…

Толығырақ

КӘСІП ПЕН НӘСІП

КӘСІП ПЕН НӘСІП

Құланды түбегі-жылқы мен түйе өсі­руден аты шығып, құт-бе­реке да­­рыған жер. Ра­сында, қашан­нан атадан қалған мал шаруа­шылығын өмірлік несібесіне балаған. Жаз жай­лауға, қыс қыстауға көшіп, тұрмыс-тіршілігінің негізіне айналған бұл кә­сіпке ерекше ден қойған. Сондықтан да болар, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып ке­ле жатқан ата кәсіпті бүгінгі күнге дейін желісін үзбей келе жатқан аза­мат­тардың қатары көп. Оның үстіне, аталмыш шаруашылықты жаңғырту мен дамытуға мемлекеттік қолдаудың да жыл сайын артып отырғаны көңілге қуа­ныш ұялатады. Осы бағытта «Сы­баға», «Алтын асық», «Құлан» сын­ды бағдарламаларының игілігін кө­ріп отырған ауыл азаматтары жетер­лік. Бұл бағдарламалар ауыл ша­руа­шы­лығы тауарларын өндіру­ші­лер үшін ең…

Толығырақ