Өнім өндіргенге не жетсін…

Бүгінде өзін-өзі жұмыспен қам­­тып отырғандардың басым бө­­лігі ауылдық жерлерде тұра­тын­дықтан, «Жұмыспен қам­ту­дың жол картасы» бағдарламасы аясында бір­не­ше өңірде «Ауылдағы жұмыс орны» жаңа жобасын іске асыра бас­тады. Иә, жоба аясында елді мекен­дерде ауыл шаруашылығы өнімде­рін өт­кі­зу және қайта өңдеуді қамта­ма­сыз ететін кооперативтер ашыл­са, қаншама адам жұмыс­пен қам­тылып, халыққа да пай­да­сы мол болар еді. Себебі, ауданы­мыздың негізгі тіршілігі мал шаруа­шылығы болғандықтан, етті айт­па­ғанда сү­тіміздің өзі тұтыну­шы­сын тап­пай, босқа рәсуа болу­да. Егер, кооперативтер ашыл­са, сүттің өзі­­­нен ұлттық тағамда­ры­мыз­дың түр-түрін жасап, базар баға­сы­нан арзандау қылып, аудан тұр­ғын­да­рына ұсынар едік. Қазалының өң­дел­ген сүті мен майын,…

Толығырақ

Кәсіпкерлік қарқынды сала

Бірде ғаламторда отырып, «Бизнес Бастау» деген порталға тап болдым. Ішіне еніп, азды көпті мәліметтерімен таныстым. Ғаламтор желісі арқылы бизнес кеңестер алып, сол арқылы өз ісін бастайтындарға арналған екен. Табысты еселеудің түрлі тетіктері қарастырылған. Зер салып қарағанға тымжақсы мүмкіндіктер тарту етерліктей. Бұл салада болмағандықтан аса мән бермедім. Бір байқағаным, қарапайым айлықшының 3-4 айда табатын табысын 1 айда табатындай мүмкіндік ашуға болатын секілді. Жұртты ақымақ қылып отырма дерсіз. Жо жоқ, кәдімгі жұртты өзіне тартатындай жарнама. Десе де, бұндай іспен айналысу кез-келгеннің қолынан келе бермес. Ол үшін осы салаға деген асқан қызығушылық пен…

Толығырақ

Мақсаты айқын жігіт

Қаламыздағы «Алишер» бизнес орта­лы­ғы­ның ашылғанына да бір жыл уақыт толыпты. Осы бір жыл ішінде орталықтағы сұлулық са­лоны, компьютерлік клуб пен кафетерий жә­не кез келген жастағы адамдарға арналған плэйс­тейшон ойындары мен фотосалон халыққа өз қызметтерін көрсетіп келеді. Алдағы уа­қыт­та да заманауи үлгіде салынып, соңғы тех­но­логиялармен жабдықталған кешенде тын­ды­рымды жұмыстар атқарылады деп кү­ті­луде.  Жалпы саны 16 адамды жұмыспен қам­тып отырған аталмыш орталықтың дирек­торы Т.Дәрмағамбетовті білмейтін адам ау­да­ны­мыз­да кемде-кем.  Ол ауданымызда алғаш рет «Арал-АС» әзіл-сықақ командасын құрып, ту­ған жердің мерейін үлкен сахналарда үс­тем етіп жүрген жандардың бірі.  Жас та болса бас болып, өзі…

Толығырақ

Бірнеше кәсіпті игерген жігіт

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы кәсібінің нәсібін көріп отырған жандар ауданымызда жетерлік. Солардың бірі-қаламыздағы Байтұрсынов көшесінің тұрғыны Қайнар Маралов. Ол Үкіметтен осы бағдарлама аясында 8 миллион теңге несие алып, жұмысын алға бастыртып отыр. Бүгінде пластик терезелер жасап шығаруды қолға алған кәсіпкердің пластиктен жасалған алғашқы жұмыстары жеке үйлермен қатар, қоғамдық ғимараттарға да орналастырылып жатыр. Қайнар екі адамды жұмыспен қамтып отыр. Оларға ай сайын 50 мың теңгеден еңбекақы төлейді. Бұдан басқа, ол аудандағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтағы отбасыларға мүмкіндігінше демеушілік жасауға тырысады. -Менің басты мақсатым-туған жерге қызмет ету. Жасыратын несі бар, қаламыздағы…

Толығырақ