Көріпкелдігімен Базаралыны кешірім сұратқан Ешен әулие

Көріпкелдігімен Базаралыны кешірім сұратқан Ешен әулие

Қазаққа ұлы Абай, ғұлама Шәкәрім, дана Мұхтардай үш алыпты берген қасиетті Шыңғыстау жері қойны-қолаты тұнған қазына, аңызға бай мекен саналады. Бұл топырақ түлеткен басқа да қандай тұлғалар барын тәптіштеп түгендемей-ақ қоялық, бір ғана Ешен әулие туралы айтсақ та жеткілікті. Ел ішінде Тұңғышбай Ешен туралы небір аңыздар бар. Соның бір парасын осы өңірдегі көрген-түйгені көп, ұрпақ білсін деп әңгіме шертер болса, аптаның өзі аздық ететін Бекен Исабаев ақсақалдың «Ұлылар мекені» атты кітабынан кездестіреміз. Абайдың әкесі Құнанбайдың замандасы Ешен әулиені тобықты жұрты тірісінде-ақ пір тұтқан екен. Оң-солын таныған шақтан ислам дінін ұстануға…

Толығырақ

Атамды әкесінің әруағы ажалдан аман алып қалған екен…

Атамды әкесінің әруағы ажалдан аман алып қалған екен…

«Алаш айнасының» «Мистика» айдарын оқып отырып, менің есіме әкем айтқан бір оқиға түсті. Өз басынан өткен осы бір оқиғаны атам әкеме айтып берген екен. Оқиға өткен ғасырдың 60-шы жылдары орын алған. Осы бір оқиғаның тылсым тұстары көп болғандықтан «Алаш айнасына» жолдауды жөн көрдім. Қатесі болса, кешірім өтінем. Тақырыпты өздеріңіз қойып, қатесін түзетерсіздер деп ойлаймын. «Ол кездері ауылда көлік былай тұрсын, аттың өзі аз болды. Көрші ауылда жиын-той болса, жаяу барып қайтатынбыз. Кейде ауылға жеткенде таң атып кететін. Сондықтан болар, ата-анамыз, «егер түнде далада қалып қойсаңдар мазаратқа барып түнеңдер, мазаратта жын-шайтан…

Толығырақ

«Алматы – Қапшағай» трассасындағы тұяқты қыз қайда кетті? (видео)

«Алматы – Қапшағай» трассасындағы тұяқты қыз қайда кетті? (видео)

Жаңа жол салынғалы Алматы мен Қапшағай арасындағы ескі тас жолдың бойында такси тоқтататын тұяқты қыз жоғалып кетті, деседі таксистер қауымы. Естеріңізде болса,бұған дейінгі жылдары осы жолдың бойында белгісіз бір қыздың елесі такси тоқтатып тұратынын жұрт жарыса айтқан. Сыбыс шығар деп сенбейін десеңіз, бұрындары осы жолда таксист болған жүргізушілер тұяғы бар қызды көргенін талай айтқан. Бәрінің әңгімесі бір болатын: Тоқтаған көлікке мінетін қыз жүргізушіге нөмірін айтып, үйіне хабарласуын, қыздарының келе жатқанын айтуын сұрайды екен. Алайда телефонды көтерген адамдар қыздарының ертеректе қаза болғанын айтқанда таң қалған жүргізушілер салонда отырған қыздың жоқ болып…

Толығырақ

Брежневті үш рет ажалдан құтқарған мысық

Брежневті үш рет ажалдан құтқарған мысық

18 жыл Кеңес Үкіметін басқарып, төрт рет еңбек ері атанып, ел жадында ерекше сүйісуімен есте қалған Брежневті кейінгі буын жақсы білмесе де, орта және алдыңғы буын өкілдері жақсы біледі. Ол қайтыс болғаннан кейін жазылған естеліктерде оның өте қарапайым, Кремльде қызмет істейтін қатардағы қызметкерлерге де ілтипатпен қарайтын басшы болғаны айтылады. Тіпті ол Кремльде еден жуушы қызметкердің туған күнін ескеріп, гүл сыйлап жүреді екен. Жалпы, Брежнев туралы қызықты естеліктер көп жазылған. Сондай естеліктердің бірінде оны талай рет өлімнен құтқарған мысық жайлы айтылады. Естеліктен белгілі болғандай, Брежневтің ерекше қасиетке ие мысығы болған екен….

Толығырақ

91 жастағы кейуана мәйітханада тіріліп кетті

91 жастағы кейуана мәйітханада тіріліп кетті

Дәрігерлер қайтыс болғандығын жария еткен Польшаның қарт тұрғыны белгісіз жағдайда өмірге қайта оралды. Люблин воеводасындағы Остров Любельски қалашығында тұратын 91 жастағы Янина Колькевич көз жұмды деп хабарланып, оның өлгендігі тіркелген. Туған-туыстары болса, марқұмды соңғы сапарға шығарып салуға дайындалып, мүрдені мәйітханаға апарған. Тоңазытқышта бірнеше сағат жатқан Янина Колькевич салынған қапшық кенеттен қимылдай бастаған. Мұндайды көрмеген мәйітхана қызметкерлерінің таңданбасқа шарасы да жоқ еді. Кейуананың туыстарының айтуынша, шамамен түн ортасынан ауған шақта біреулер есік қаққан. Табалдырықта мәйітхана қызметкері тұр. Ол болған жайтты жеткізді. Үйге келген соң Янина Колькевич қатты тоңғандығына шағымданып, бір кесе…

Толығырақ

Шайтанкөлге неге сәлем беру керек немесе ғажайып көлдің сыры неде? (фото)

Шайтанкөлге неге сәлем беру керек немесе ғажайып көлдің сыры неде? (фото)

Әлемдегі ең құпия орындардың бірі – Шайтанкөл Қарқаралының Бұғылы тауының шыңында орын тепкен. Теңіз деңгейінен 1200 метр биікте, аспанға жақын орналасқан ғажайып көлдің суы тартылмайды, не азайып, не көбеймейді. Бүгінге дейін бұл тылсымның сыры әлі табылған жоқ, деп жазады Baq.kz агенттігінің Қарағандыдағы тілшісі. Бүгінде туристер көп аялдайтын көлдің не себепті Шайтанкөл аталуы жайлы әркім әрқилы айтады. Ол жайлы аңыз бен ертегі көп. Аңыздардың көпшілігі көлдің «шайтандар мекені» болғандығы жайлы ұғымға келіп тіреледі. Серік Ақсұңқарұлы айтқандай «Аққулар мекені» болған Шайтанкөл талай жанды сұлулығымен өзіне тартатын қасиетке ие. Мұнда келушілер таудың ұшар басында, бастауы…

Толығырақ

Өліп, қайта туғандар жайлы…

Өліп, қайта туғандар жайлы…

Өлген адамдардың қайта туатыны жайлы әлем елдерінің баспасөз беттерінде жиі жазылып жүр. Оған бірқатар оқиғаларды мысал етіп көрсетеді. Біздің елде де бұл тақырыпқа қалам тартатындар кезігіп тұрады. Біздің елде де мұндай оқиға орын алған екен. Өлген адамдардың қайта туатыны шын немесе өтірік екенін дәлелдеу ғылымның еншісінде. Ал біз әлемнің әр түкпірінде орын алған осындай оқиғаларды оқырман назарына ұсынып отырмыз. Осындай оқиғаның бірі Үндістанда болған екен. Бұл туралы «Эхо планеты» журналы жазған. Басылымдағы мәліметке қарағанда үнділік Титу есімді ұл бала ауырмай-сырқамай, ақыл-есі бүтін күйінде бірде: «Менің есімім – Суреш Варма, Аградағы…

Толығырақ

Қорқынышты әңгіме

Қорқынышты әңгіме

Мен ең алғаш жүргізген көлігім «ГАЗ-51» маркалы машина болды. Одан соң «Стар» деген Польшаның 3 мосталы ауыр фургонын, кейін «Зил-157» батпайтын бортты жүк көлігін басқардым. «Зил-157» жүк көлігін ел ішінде «захар, мармон, неміс, крокодил» деп те атай беретін. Жұрттың бәрі : «Тәке, әп-әсем жап-жас жігітсің, не болды саған кілең жүк көлігімен жүресің, джиппен жүрмейсің бе » – деп, әбден қытығыма тиіп болды. Содан жеңіл көлік алайыншы деп, көрпеме қарай көсіліп (ақшама қарап) көрсетілген мекен-жай бойынша бір үйге келдім. Келсем қоңыз секілді 58-ші жылғы «Москвич» тұр. Қулар мені мазақ қылып әдейі…

Толығырақ

О дүниеден оралған жігіт

О дүниеден оралған жігіт

(Болған оқиға) Түлкібас ауданының Жабағылы ауылында бізбен көршілес жап-жас ерлі-зайыпты Руслан мен Айман тұрып жатты. Бұл жаққа олар Қазығұрт ауданынан көшіп келген-тін. Русланның әкесі сол кезде 80-ге келіп қалған қария еді, анда-санда қонаққа келіп тұратын. Өте ширақ кісі болатын. Өз ауылында молда екен. Бірде мен ол кісіден: «Жалғыз балаңыз Русланды неге қолыңызда ұстамай басқа жаққа жібергенсіз?» – деп сұрадым. Қария қиналыңқырап тұрып: «Қайтейін, ақыл-есі кіргенше шетте жүрсін деген ниетпен өзім рұқсат бердім. Себебі ішкілікке бір табан жақын. Өзі гитарада тамаша ойнайды. Бірақ жүрген жері шу-шұрқан, төбелес», – деген еді. Руслан…

Толығырақ