Айнадан көрінген елес (видео)

Айнадан көрінген елес (видео)

Айнадағы адам елесі камераға түсіп қалды. Оқиға екі айнасы бар жаттығу залында болған. Бишінің айнадағы бейнесіне кенет жан бітіп кетті. Бұл қалай, деп интернет қолданушылары қатты таң қалуда, деп хабарлайды Yahoo!. Бір қызығы, биші қыз айнада болып жатқан сұмдықты байқамаған екен. Әйтпесе не болатынын болжау қиын еді.

Толығырақ

Жын адамның ішіне қалай кіреді?

Жын адамның ішіне қалай кіреді?

Халық арасында, «Қарап отырып аурып қалды, албаты сөйлеп жынданып жатыр, жын соғып кетіпті» дегенді көп естиміз. Жуықта жын жұғысып (қазақша айтқанда жын соғып) ауырған бір адамды туыстары білместікпен: «ойбай, пәленшекеңе қасиет қонғалы жатыр, біздің тұқымда бұрын әулиелер болған екен, соның әруағы аян беріпті-мыс» деп, күллі бір әулет адасып-шатасып отырғанына куә болдық. Жындар адамдармен араласып өмір сүріп жатыр. Олар оттан жаралған. Кез-келген жай адамның көзіне көріне бермейді. Бұларды рухани жағынан мұсылман немесе кәпір деп бөлсе, табиғаты жағынан еркегін – жын, ұрғашысын – пері деп атайды. Имансыз жындар адамдарды азғыратын болғандықтан шайтан…

Толығырақ

Ажал да адам болған

Ажал да адам болған

Халқымызда «Айдалаға атқан оқ ажалдыға тиеді» деген нақыл сөз бар. Бұл ажал туралап келсе, ешкім де қашып құтыла алмайды дегенді білдірсе керек. Шындығында, солай екенін өмірдің өзі-ақ дәлелдеп келеді. Жаратылыс пайда болғалы өмірден өткен жандар қаншама десеңші?! Айтпай келетін ажалдың кімнің өміріне шектеу қоятынын ешкім білген емес. Тек кезі келгенде тағдырдың жазуына не шара, «Өмір бар жерде өлім бар» деген осы деп өз-өзімізді жұбатамыз. Өйткені, ол Алланың әмірімен келіп тұрған ақ  бұйрықты ажал. Біз оған қаншама жерден қарсы тұрғанымызбен, ол өзіне берілген бұйрықты орындайды. Негізінен, сол бұйрық орындалар алдында адам…

Толығырақ

Қорқынышты кадрлар: Анасы 1,5 жасар ұлының жанынан “елес баланы” көрген

Қорқынышты кадрлар: Анасы 1,5 жасар ұлының жанынан “елес баланы” көрген

Кішкентай Себастьян төсегінен түспекші болғаннан кейін Лаура мен оның сүйіктісі Дин Аванс бүлдіршіннің бөлмесіне камера орнатып қойды. Әркез ұлымызды бақылап, алаңсыз отырамыз деп ойлаған жұптың бұл ойы жүзеге аспады. Себебі Лаура Хей 1,5 жасар ұлының жанынан елес баланы көргенін айтты. Бұл туралы ағылшын басылымы Mirror жазды. 39 жастағы төртбалалы ана монитор арқылы ұлының жанында ұйықтап жатқан «елес баланы» көргенде қатты шошып қалған. Одан бөлек, Лаура елестің бөлмедегі заттарды әрі-бері жылжытып тастағанын байқаған. Сол сәтте оның күйеуі Дин баланың бөлмесіне көтеріліп, сәбидің жанындағы елесті ұстап алудан үміттенген-ді. Алайда елес бала сол…

Толығырақ

Жол-көлік оқиғасына ұшырағанда не істеу керек: Заңгер кеңестері

Жол-көлік оқиғасына ұшырағанда не істеу керек: Заңгер кеңестері

16 маусымда Алматыдағы әл-Фараби даңғылында қоғамды дүрліктірген жантүршігерлік жол апаты болды. Екі қыз Honda CRV көлігімен батыс бағытта жүріп келе жатқанда дөңгелектері люкке түсіп кетіп, жарылған. Олар жолдың сол жақ жолағына тоқтап, апат белгісін қосып, көліктен шыққан. Осы қатармен жүріп келе жатқан Toyota Camry ортаңғы жолаққа өтпек болады, бірақ, осы кезде көлікті артында келе жатқан автобус соғады. Соққыдан Toyota Camry көлігінің артқы жағы Honda көлігіне соғылады. Бір қыз көліктердің ортасында қалып қояды, ал екіншісі ұшып кеткен. Олар бірден ауруханаға жеткізілді. Операция кезінде Екатерина Парафиеваның екі аяғын кесіп алып тастауға тура…

Толығырақ

2020 жылы 5 млн адам жұмыссыз қалуы мүмкін

2020 жылы 5 млн адам жұмыссыз қалуы мүмкін

Әлем бір орында тұрмайды. Себебі қоғамды жасаушы адамдар әрқашан жаңалық ашуға дайын. Міне, сонымен де олардың білімі өлшенеді. Ғылымдағы еңбектері бағаланады. Ал адамдардың қазіргі ұмтылып жатқан жаңалықтары – технология. Бұл технологияны адам ойлап тапқанымен, кей кезде ол адамның өзін де алмастыруы мүмкін. Олар тамақты, жалақыны талап етпейді. Ұйқыны да. Сондықтан да адамға қарағанда жұмыс күші артық болады. Ал бұл адамдардың жұмысына қалай әсер етуі мүмкін? 2020 жылға қарай жер бетіндегі 5 миллион адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұл турасында Бүкіләлемдік Экономикалық форумда айтылды. Олардың айтуынша, жасанды сана, роботехнология және биотехнология адамдардың…

Толығырақ

Тірі жан аяқ баспайтын әлемдегі құпияға толы 10 мекен

Тірі жан аяқ баспайтын әлемдегі құпияға толы 10 мекен

Қарапайым туристер мен тұрғындардың кіруіне тыйым салынған әлемнің құпияға толы он мекенін NUR.KZ порталы funny24.ru сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады. Жапон императорлары жерленген көне қорған Кофун деп аталатын бұл қорғанның үлкендігі сонша, бүтін бір арал секілді көрінеді. Мұнда тек арнайы рұқсаты бар археологтар кіре алады. Бір белгілісі қорғандағы барлық нысан құлыптың саңылауы пішіндес етіп салынған. Үнді мұхитындағы жабайы арал Бұл аралда 400 абориген тұрады. Олар заманауи өмірден бейхабар және кез келген адам жақындай кетсе, тап беруге әзір. Сол себепті, туристердің қауіпсіздігі үшін бұл аралға кіруге тыйым салынған. «Зона-51», АҚШ АҚШ-тағы…

Толығырақ

Жын адамның ішіне қалай кіреді?

Жын адамның ішіне қалай кіреді?

Халық арасында, «Қарап отырып аурып қалды, албаты сөйлеп жынданып жатыр, жын соғып кетіпті» дегенді көп естиміз. Жуықта жын жұғысып (қазақша айтқанда жын соғып) ауырған бір адамды туыстары білместікпен: «ойбай, пәленшекеңе қасиет қонғалы жатыр, біздің тұқымда бұрын әулиелер болған екен, соның әруағы аян беріпті-мыс» деп, күллі бір әулет адасып-шатасып отырғанына куә болдық. Жындар адамдармен араласып өмір сүріп жатыр. Олар оттан жаралған. Кез-келген жай адамның көзіне көріне бермейді. Бұларды рухани жағынан мұсылман немесе кәпір деп бөлсе, табиғаты жағынан еркегін – жын, ұрғашысын – пері деп атайды. Имансыз жындар адамдарды азғыратын болғандықтан шайтан…

Толығырақ

Жындарға дастарқан жайғызған — Мәшһүр Жүсіп әулие

Жындарға дастарқан жайғызған — Мәшһүр Жүсіп әулие

Атақ-даңқы алты алашқа жайылып, әулие атанған қасиет иесі — Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Ғұламаның өмірі мен шығармашылығын жан-жақты зерттеумен келе жатқан өз ұрпағы Әсет Пазыловтың еңбектеріндегі мынадай мәліметтерді «Алаш айнасы» оқырмандарының назарына ұсынғанды жөн көрдім. «Мәшһүр Жүсiп бiр күнi Баянауылға бармақ болып, жанына баласы Шарафиден мен сүйiктi немересi Төлеубайды ертiп, ат-арбасына атын жегiп жолға шығады. Бозбай деген жерден аса бергенде немересі: – Шөлдедім, – десе керек. Сонда Мәшһүр Жүсiп: – Алдымызда тұрған бір үйге барайық, сонда сендердi бiр ауқаттандырып алайын, – деп өзi бастап бiр иесiз үйге алып келедi. Үйге тақай…

Толығырақ

Күнбүбі көріпкелдің әңгімелері

Күнбүбі көріпкелдің әңгімелері

Тылсым дүниенің бізге беймәлім құпиялары көп қой. Бақилық болған жандардың аруағымен тілдесетін, байланысқа түсетін адамдардың болатынын естісем де, бетпе-бет кездескенім осы Күнбүбі көріпкел еді. Басына қарқарадай қылып ақ жаулық салған орта жастағы әйелді асқа жиналғандар: «Күнбүбі көріпкел – осы!» деп сырттай меңзеген соң оны ортаға ала алқақотан отырған көптің шетін ала мен де жайғастым. Алланың салауаты мен сәлемі, оның елшісі Мұхаммед пайғамбарымыз жайлы уағыз айтып, жұртты аузына қаратқан көріпкелдің сәл тыныстаған сәтін пайдаланып: «Сіз осы жолға қалай түстіңіз?»- деп сұрадым. Көріпкел Күнбүбінің алқалы топтың алдында айтқан сондағы әңгімелерін «Алаш айнасы»…

Толығырақ