Көрменің де көрмесі бар

Көрменің де көрмесі бар

Көрменің де  көрмесі  бар. EXPO халықаралық  көрмесі  күнделікті  көп  шараның  бірі емес. Оны  өткізуге  ынталы  елдер  көп.  Астана Халықаралық көрмелер бюросының 161 мүше мемлекеті өкілдерінің жасырын дауыс беруі барысында бельгиялық Льеж қаласын басып озған еді.  «ЕХРО-2017»  Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізетін қала болып таңдалып, талайдың таңдайын қақтырды. Себебі, бұған  дейін  Орталық Азия  аумағында, ТМД  кеңістігінде EXPO-ны  өткізу  ешбір  елге бұйырған  жоқ. 166 жылдық тарихы бар  көрменің Астанада өткізіліп жатырғаны  еліміз үшін үлкен жетістік, зор мақтаныш.   Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша ХКБ-ның  103 мүше мемлекеті Астана қаласына дауыс берсе, біздің бәсекелесіміз…

Толығырақ

Бала тәрбиесіне мән берген ұжым

Бала тәрбиесіне мән берген ұжым

Бүгінгі таңда ата-ана мен тәрбиеші арасындағы ортақ мәселе-бала тәрбиесі екені баршамызға мәлім. Ата-ана үшін бала өмір жалғасы, көздің нұры, үміт күткен шырағы, келешек қызық көрсетер болашағы десек, тәрбиеші үшін еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да: «Ана- үйдің берекесі, бала-үйдің мерекесі», «Бала болсаң болғандай бол, айналаңа қорғандай бол» деген қағиданы берік ұстанған ата-бабаларымыз өз ұрпағын үлкен азамат қылып өсіруді мақсат еткен. Бала тәрбиесінің қай саласында болсын, ата-ананың өнегесі үлкен рөл атқарады. Ал, тәрбиеші-баланың жан дүниесін, сана-сезімін қалыптастыратын және оның жақсы қасиеттерінің…

Толығырақ

Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жаднама

Террористік актілерді болдырмау жөніндегі  халыққа арналған жаднама

Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жаднама  Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар. Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар. Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте  домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық — жабықтығын тексеріңіздер.  Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқыларыңыз бар. Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтау немесе басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан…

Толығырақ

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

Кеше З. Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында Қостанай облысы өңірлеріне ерікті түрде қоныстандыруға байланысты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аудан әкімінің орынбасары Жұмагүл Әлішеваның төрағалығымен өткен аталмыш жиынға Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Новоселов ауылдық округінің әкімі Б.Исмаилов, Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округінің әкімі Н.Құрманғалиев, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Г.Жұмашева, Арал аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Ә.Жалғасбаев және қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Ж. Әлішева жиынға қатысушыларды…

Толығырақ

Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі

Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.  Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маң­дайалды университеттерінде оқытып, дайын­дадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жыл­дарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдар­ламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгей­дегі бірқатар университеттер ашылды, зият­керлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды.  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі таңда білімнің салтанат құруын басты назарда ұстап отыр. Рухани жаңғырудың басты бағыты санап, білім көкжиегінің кеңінен қамтылуына жағдай жасауының да себебі жоқ емес. Жаңалыққа толы жаһандық дамудағы әрбір күннің жаңалығы көп уақыт…

Толығырақ

Жұмыспен қамтуда жүйелі іс бар

Абай атамыз: «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық-аздырар адам баласын»,-деді емес пе?! Рас, осы жұмыссыздықтың салдарынан адамзат баласы азғындық әрекеттерге жиі куә болып, көбі сондай жағдайдың құрбанына айналып кетіп жатыр. Жасырып қайтеміз, жұмыссыздық бұл күндері көптің жанын жабырқататын басты проблемалардың біріне айналды. Қазіргі уақытта екінің бірі жұмыссыз жүр. Елімізде бос орын көп, алайда біздегі жұмыссыздар оны істегісі жоқ. Бәріне бірдей жайлы жұмыс керек. Кешегі қылышынан қан тамған Кеңес үкіметі тұсында еңбекке жарамды адамның үйінде бос жатуы қылмыс болып саналған еді. Ал, қазіргі уақытта мұндай көзқарасқа бас ауыртпайтын болдық. Тамағы табылса, төсекте жатып…

Толығырақ

Ұлттың тұрақты дамуы рухани жаңғыруында

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы елімізге рухани жол көрсетіп, құдылықтарымызды қайта жаңғыртуға бастайтын саяси құжат ретінде қалыптасты. Қоғам пікірін қақ жарып, батыстық санаға бой ұрып бара жатқан ұрпақты елең еткізетін осынау мақаланың біз үшін маңыздылығы зор. Тек оны жете түсініп, алдағы уақытта қандайда бір нәтиже шығара білуіміз керек. Ия, осы мақсатта ауданымызға арнай келіп жатқан зиялы қауым өкілдері, билік басындағы аға-әпкелеріміз бен саясаттанушылар да баршылық. Бәрінің көздегені бір мақсат. Ол яғни, Елбасымыздың бүгінгі жағдайды бақылай отырып жарыққа шығарған мақаласын халық арасында кең көлемде таныстырып, белсенді қоғам ортасында…

Толығырақ

Баспасөз мәслихаты

Арал аудандық сотында үстіміздегі жылдың 12 шілдесінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында сот әділдігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді. Баспасөз мәслихатында сот төрағасы Е.Тұрбаев 2017 жылдың 6 айында аудандық сотпен атқарылған жұмыстар туралы баяндап, аталған кезеңде аудандық сотта барлығы 1327 іс қаралғанын, оның ішінде 56 қылмыстық іс, 545 азаматтық іс және 726 әкімшілік істер екенін тарқатып айтты. Сосын, қылмыстық істер бойынша жалпы қаралған істердің басым көпшілігін Қылмыстық Кодексінің 188 бабында көзделген ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру қылмыстары мен ҚК-нің 296…

Толығырақ

Балабақшадағы басқосу

Қаладағы «Жазира» балабақшасында «Салауатты өмір-табиғат аясында» атты  жазғы сауықтыру іс-шарасы болып өтті. Мақсаты-денсаулық сақтау технологиясын қолданып, ойындар мен жаттығулар арқылы баланың дене шынықтыруға қызығушылықтырын арттырып, олардың бойында  қауіпсіз мінез-құлық негіздерін қалыптастыру. Семинар жұмысы әсем табиғат аясында балаларымыздың саялы мекені болған балабақшаның көрікті ауласында өткізілді. Балабақша меңгерушісі Гүлшат Жалғасбаева мектепке дейінгі ұйымның алдында тұрған жауапты міндет-өмірден өз орнын таба білетін дені сау, мәдениетті және шығармашылық жеке тұлғаны тәрбиелеу екенін айтып, тәрбиешілердің сол жолда тынбай еңбек ете берулеріне сәттілік тіледі. Мұнан соң, балабақша қызметкерлері мен бүлдіршіндер  табиғат атаулыға нәр беретін  күн, су,…

Толығырақ

Балалар қуанышқа кенелді

Жуырда №20 З.Шүкіров атындағы орта мектеп жанынан ашылған «Шұғыла» күндізгі тынығу лагерінде ауыл балалары айрықша қуанышқа кенелді. Балалардың жазғы демалысын тиімді әрі көңілді өткізу үшін жүйелі жоспар жасалып, әр шаңырақ еркелерінің демалыс күндерінің мазмұнды өтуіне барлық жағдай жасалды. Осынау лагерьдің ашылу рәсімінде мектеп директоры Клара Мадиярова болашақ иелері саналған ұл-қыздардың ой-танымын арттыратын шаралар ұйымдастыруды тәрбиешілерге міндеттеді. Лагерь меңгерушісі Ш.Батаманова «Ел рәміздері-біздің мақтанышымыз» атты кештің жоғары дәрежеде өткізілуіне ұйытқы болды. Сондай-ақ, «Жүзден жүйрік» деп аталатын спорттық сайыстар Елбасы Жолдауында көрініс табатын бұқаралық спорттың дамуына жол ашты. Ал, «Өнерлі балапан» байқауы барысында…

Толығырақ