Әлем біріншілігінің жүлдегері

Әлем біріншілігінің жүлдегері

Аудан спортшылары тағы да жеңістің тұғырынан көрінді. Жігерлі жастарымыздың асығы алшысынан түсіп, әлем елдері мықтылықтарын мойындады. Олай деуге себеп те жоқ емес. Ресейдің астанасы Мәскеу қаласында талай мықтының басын қосқан әмбебап жекпе-жектен әлем біріншілігі болып өткен. Сол жарыстан №19 Арал аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің спортшысы Әліби Болатұлы жүлдемен оралды. 28 мемлекеттің жарысқа қатысушылары бақ сынаған үлкен байқауда жерлесіміз Сербия мен Судан елінің үміткерлерімен жекпе-жекте басымдылық танытып, жеңіс уысында кетті. Осылайша, ақтық сынға жолдама алған Әліби алтын медаль үшін Ресей спортшысымен таласқа түсті. Өкініштісі, соңғы жекпе-жегінде аз…

Толығырақ

Жеңісбековтің жеңісі

Жеңісбековтің жеңісі

«Шынықсаң, шымыр боласың» дейді қазақ. Осы сөзден сабақ алып, сан жарыста да өзін сынауға дайын жастарымыздың қатары өте көп. Білек күшінің мығымдығы мен айла-тәсілдерінің жетік екендігін танытып жүрген өрендеріміз бүгінгі таңда республикалық, халықаралық деңгейдегі додаларда аудан намысын қолдан бермей келеді. Тынымсыз жаттығулар мен жігерлілігінің жемісін көріп жүргендердің  Арал аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің оқушысы Асқар Жеңісбеков өз мықтылығын тағы да бір дәлелдеді. Үстіміздегі жылы 15-17 қараша күндері Жезқазған қаласында еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өткен. Он төрт облыс пен Астана және Алматы қалаларының үміттерін үкілеген спортшылары…

Толығырақ

Қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалады?

Қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалады?

Жаңа жылдық мерекелерде қазақстандықтар қатарынан төрт күн — 2017 жылдың 30,31 желтоқсаны мен 2018 жылдың 1,8 қаңтары демалады, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 30 мен 31 желтоқсан сенбі мен жексенбіге түседі, ал 1 мен 2 қаңтар — дүйсенбі және сейсенбі болады. Осылайша, мереке күндері демалыс күндеріне келеді. Мереке және демалыс күндері жылжытылмайды. Мұның алдында қазақстандықтар желтоқсанда 13 күн демалатыны хабарланған. Оның үстіне тағы үш мереке күні бар. 1 желтоқсан Түңғыш Президент күні. Жұмаға келеді, сондықтан көпшілік үш күн қатарынан демалады. 16 және 17 желтоқсан Қазақстанда — Тәуелсіздік күні. Биыл бұл күндер сенбі…

Толығырақ

Мерейтой иесі құрметтелді

Мерейтой иесі құрметтелді

Қоғам дамуында өзіндік қолтаңбасы бар азаматтар Арал өңірінде жетіп артылады.Солардың бірі де бірегейі, қазақ күресінен еліміздің тұңғыш чемпионы , байрақты бəсекелерде талай мəрте топ жарған жастардың ұстазы — Көлбай Данабай болатын. Сенбінің таңында ерте оянған аралдықтар , көпшілік ,,көк сарай,,атап кеткен ғимаратқа қарай ағылды.Мақсат-Көлбай Соңғыбайұлының 63 жасқа толу құрметіне ұйымдастырылған балуандар сайысын тамашалап , боз кілем төрінде кім мықты екенін анықтау. Осынау мазмұнды шарада Аудан əкімі Мұхтар Оразбаев сөз сөйлеп мерейтой иесінің ауданың өсіп-өркен жаю жолындағы өлшеусіз қызметіне кеңінен тоқталып, қарақұмдық перзентің адамгершілік болмысын баяндады. Мұнан соң өзге де жиынға…

Толығырақ

Салт-дәстүрімізді жаңғыртсақ игі

Әр халықтың ұлттық танымын, көз қарасын, өзіне тән жеке ұлттық ерекшелігін білдіретін наным-сенімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі бар. Ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің қай мағын бұзбай, ұмытылып кетуіне жол бермей, қазіргі қоғамда өте жарасымды етіп қолданып жүрген халықтың бірі ол-өзіміздің қазақ халқы. Иә, халқымыз дәстүрге өте бай. Ал салт-дәстүрге бай болу дегеніміз- сол елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екен дігінің айғағы. Алдымен, салт- дәстүр дегеніміз не, соған тоқталып өтей ін. Салт-дәстүр-ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт-дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тыйым мен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты…

Толығырақ

Патриоттық рухты санамызға сіңірейік

«Қарулы Күштердің Отанымызды және мемлекетіміздің егемендігін қорғау, аумақтық тұтастығын сақтау жолындағы маңызы зор»,-деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқан еді. Сондықтан, еліміздің ертеңі-жас ұрпақты тәрбиелеу, Отанына адал патриот етіп өсіру-басты міндетіміз болып қала бермекші. Бала тәй-тәй қаз басып, балабақшаға барғаннан бастап, орта білім беру мектептерінде, арнаулы және жоғарғы оқу орындарында жастарымызды патриоттық рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлуіміз қажет-ақ. Жалпы, рухани жаңғыру бағытында тәрбие беру жұмыстары жүйелі түрде қолға алынып та отыр. Балалардың бойына адами құндылықтарды сіңіруге, ұлттық кодымызды, яғни бай тіліміз бен тарихымызды, діліміз бен дінімізді сақтап, отансүйгіштікке тәрбиелеуде олардың жауапкершілігін…

Толығырақ

Бaспасөз брифингі болып өтті

Бaспасөз брифингі болып өтті

Кеше Қызылорда облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Оразбаев Мұхтар Әуесұлының баспасөз брифингі өтті. Кездесу барысында аудан басшысы Арал ауданының жыл басынан бергі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып, алдағы ауқымды жобалармен бөлісті. Соның ішінде, бұқаралық ақпарат құралы өкілдері өңірдегі шағын және орта бизнестің даму қарқынына баса мән беріп, кеңінен талқылады. Сонымен қатар, аудан алдында тұрған ауқымды міндеттермен де толықтай танысты. Айта кету керек, тілші қауым ауданның тыныс-тіршілігін егжей-тегжей баяндаған аудан әкімінің ел алдындағы қызметіне жақсы бағаларын беріп, Арал өңірінің әлі де даму қарқыны зор екендігіне көз жеткізді.

Толығырақ

Аудан құрамасы жеңіспен оралды

         Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Мемлекет басшысының бұқаралық спортпен шұғылдануға айрықша қолдау көрсетуі соның айғағы. Қазіргі таңда ауданымызда спортты серік еткендердің қатары артқаны күн санап көбейіп келе жатқанын айтып кеткеніміз жөн. Таяуда облыстық білім басқармасы ұйымдастыруымен өткен күзгі спартакиадасында аудан құрамасы І орын еншілесе, ерекше ойынымен дараланған Райкүл Бақытова «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды. Арал құрамасын бастап барған №262 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мұстафа Махамбетов команда мүшелерінің жарыста жоғары деңгейде ойын  өрнегін көрсетуге күш салған еді. Дайындық өз нәтижесін берді. Алдағы уақытта да  ала допты алақанда ойнатқан баскетболшыларымыздың…

Толығырақ

Ақын ғұмыры өлеңмен өрілді

         Жуырда аудан әкімінің өкімімен аудан көлемінде аталып өткен Зейнолла Шүкіровтің 90 жылдығы аясында Жарасқан Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінде «Жыр жазамын жаныммен» атты жыр мүшәйрасы ұйымдастырылды. Қатысушылар ақын ғұмырын өлеңмен өріп, шара мазмұнын айшықтады. Талантты өрендер арасынан Ұлболсын Шығыланованың өлеңі өзгелерден ерекше  деп танылып, ол І орынға қол жеткізді. Сондай-ақ, Тоғжан Жұмабаева ІІ орынды, Аружан Жұбатқан ІІІ орынды еншіледі. Туған халқының жүрегінде мәңгілік сақталып қалған ақын есімі жас саналарда жаңғырып, көрермен қауым осынау берері мол бастамаға ұйытқы болған мектеп-лицей ұжымына алғыстарын білдірді. Малика Шамадинова, №62 Жарасқан Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінің…

Толығырақ

Қоғам дамуына кедергі келмесін

Қоғам дамуына кедергі келмесін

         Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз ел атанғаннан бергі ең басты ұстанымдарының бірі-жемқорлықпен қарқынды күрес жүргізу. Яғни, Елбасы әр жылдардағы Қазақстан халқына жасаған Жолдауларында ел беделіне нұқсан келтіретін жең ұшынан жалғасқан әрекеттерге тосқауыл қою мәселесіне айрықша басымдық беріп келді. Сол үрдіс үстіміздегі жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауда да айрықша көрініс тапты.          Иә, бүгінгі таңда елімізде «Сыбайлас жемқоролыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданған. Осынау құқықтық қадам ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер төндіретін, мемлекет мүлкін талан-таражға салатын жемқорлыққа тосқауыл қоюдың жүйелі жолы екені даусыз. Қазіргі таңда жең ұшынан…

Толығырақ