БАСТЫ МІНДЕТТЕРГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛДІ

Жуырда аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі мен аппарат мәжілісі өтті. Онда басты мәселелерге басымдық беріліп, міндетті жұмыстардың ор­ ындалу барысы талқыланды. Осынау кеңейтілген басқосу ба­ рысында аудан басшысы бірқатар ауыс-түйістерге тоқталып, жаңа қызметке тағайындалған азаматтар­ дың абырой биігінен көрінетініне сенім білдірді. Мұнан соң, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас­ шысы Сәбитжан Нұрғалиев «Сы­ баға», «Алтын асық», «Құлан» бағ­ дарламаларының жүзеге асуы тура­ лы хабарлама жасап, үстіміздегі жылы 8 шаруашылық асылдандыру бағытында жұмыс жасағанына тоқ­ талып, кейбір ауылдық округтер­ дің аталмыш мемлекеттік бағдарла­ малардан қалыс қалғанын қынжыла жеткізді. Сондай-ақ, аудан…

Толығырақ

САЛМАҚТЫ МӘСЕЛЕ САРАЛАНДЫ

САЛМАҚТЫ МӘСЕЛЕ САРАЛАНДЫ

Жақында облыс әкімінің орынбасары Р. Рүстемовтың төрағалығымен дін мәселелері жөнінде ауқымы кең семинар өтті. Оған қала, кент, ауылдық округ әкімдері, ауылдағы мешіт имамдары мен дербес бөлім басшылары және түрлі сала мамандары қатысты. Бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған дін жөніндегі семинардың маңыздылығына тоқталған облыс әкімінің орынбасары аталған семинарға арнайы келіп отырған қонақтардың арасында теолог мамандар бар екенін айтып, жиналғандарды өздерінің көкей тесті сауалдарын қойып, өзара пікір алмасуға шақырды. Семинарда алғаш болып облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы А.Қайруллаев хабарлама жасап, біз өмір сүріп жатқан зайырлы қоғамда дәстүрлі дініміздің алар орны мен маңыздылығына…

Толығырақ

Қаржылық бақылау күшейтіледі

Шағын несие ұйымдары арқылы мемлекеттен кәсібін ашуға немесе одан әрі дөңгелету мақсатында миллиондап несие алған аудандағы кейбір кәсіпкерлердің қарызы бүгінде 270 млн. теңгеге жуықтаған. Бұл тек негізгі қарыз ғана. Ал, осы қарыздың үстіне 20 млн. теңгеге жуық пайыздық үстемені қосыңыз. Міне, бүгінде аудан билігі мен аталмыш салаға жауапты бөлімдерді және шағын несие ұйымдарын алаңдатып тұрған осы мәселе. Осыған орай, жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі М. Оразбаевтың төрағалығымен 2011-2016 жылдар аралығындағы «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының ІІ бағыты арқылы несие алған азаматтардың берешек қарыздары туралы жиын өтті. Оған аудан…

Толығырақ

Мемлекеттік қызметшіге талап күшейтілуде

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы А.Мұхимов аудандағы мемлекеттік қызметшілермен кездесті. Кездесуді аудан әкімі М.Оразбаев жүргізді. Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа арнаған Жолдауында көрсетілген еліміздің даму болашағын айқындайтын  бес басым бағыттың бірі, яғни бесінші басымдық-институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күресе отырып, дамыған 30 елдің қатарына қосылудың нақты жолдарын атап көрсетті. Абзал Мұхимов Мемлекет басшысы бекіткен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің аттестаттаудан өткізіліп жатқанын, оның алғашқы…

Толығырақ

Басты міндет – жылды табысты аяқтау

Күн тәртібіне әкімдік және аппарат мәжілістерінде аудан өмірі үшін маңызды 6 мәселе ұсынылды. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мәжілісті бастамас бұрын тағайындауларға тоқталды. Алдымен аудан активіне аудан әкімінің жаңа орынбасары болып тағайындалған Мерей Мейірбековті, Қамыстыбас ауылдық округінің әкімі болып сайланған Нұржау Ділмағанбетовті, жаңа заң талабына сәйкес ротациялық жолмен облыс әкімдігіне ауысып жатқан аудан әкімінің көмекшісі Еркебұлан Әбдікеровті және Абай атындағы орталықтандырылған кітапхана директоры лауазымына тағайындалған Жанар Әлішеваны таныстырып, жаңа қызметтеріне сәттілік тіледі. Сосын, аудан әкімінің орынбасарлары М. Мейірбековке, Р. Өтешовке, Ж. Әлішеваға және аппарат басшысы Н. Бохаевқа атқаратын міндеттерін бөліп берді….

Толығырақ

Кәсіпкерлермен кездесті

Кәсіпкерлермен кездесті

Жаңа жыл қарсаңында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ауданымыздың өсіп-өркендеуіне сүбелі үлесін қосып жүрген кәсіпкерлермен кездесті. Бас қосуда сөз алған аудан басшысы — Жаңа жыл өткен жылға баға беріп, атқарылған істі саралайтын кезең екендігі белгілі. «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп», — демекші біздің өткенге салауат айтып, жаңа жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтетініміз анық», — дей келе, елдегі, соның ішінде кәсіпкерлік саласында қол жеткізген жетістіктер мен ауқымды істерді саралап өтті. Сондай-ақ, бизнес пен билік арасындағы ынтымақтастық жыл өткен сайын дамып келе жатқанын тілге тиек етіп, жылды жемісті аяқтаған…

Толығырақ

Жердің пайдаланылуы мен қорғалуы қамтамасыз етіледі

Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Р.Өтешовтың төра­ға­лығымен «Аудандағы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын қамтамасыз ету» жөнінде семинар-ке­ңес болып өтті. Оған облыстық жердің пай­да­ланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Қ. Серікбаев, сондай-ақ, осы салаға қатысты мамандар мен ауыл әкім­дері, салалық, дербес бөлім басшылары және жер­гілікті әкімдік аппаратының заңгерлері қа­тыс­ты. Семинар-кеңесте облыстық жердің пай­да­ла­нылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы бас­шы­сының орынбасары Қ. Серікбаев хабар­ла­ма жасап, «Жердің пайдаланылуы мен қор­ға­луына мемлекеттік бақылауды жүргізу мен ұйым­­дас­тыруда ҚР және ҚР Кәсіпкерлік, ҚР Әкім­шілік құқық бұзушылық Кодекстерінің қол­данылу тәртібі туралы» және «Мақсаты бой­ын­ша пайдаланылмаған…

Толығырақ

Кәсіпкерлік саласында қарқын бар

Соңғы жылдары елімізде кәсіпкерлік саласына ерек­ше көңіл бөлініп, нәтижесінде, аталған сала ел экономикасының негізгі күшіне айналып келеді. Бұл ретте, әлем елдерінің тәжірибесі біздер үшін үлкен мүмкіндік болып отыр. Бүгінде кәсіппен айналысам деуші әрбір жанға мемлекеттен қандай да бір көмек бар. Бастысы, кәсіппен айналысам деген ниет бол­са болғаны. Тіпті, бұл бағытта кәсіп бастаймын деу­шілерге толыққанды кеңестер беріліп, жан-жақты қолдаулар да көрсетіліп келеді. Осы ретте, аудан бюджетінің толығуына қомақты үлес қосып келе жатқан кәсіпкерлік саласы бойынша облыстық кәсіп­керлер палатасының Арал ауданындағы филиалы дирек­торының кәсіпкерлер алдындағы есепті кездесуі өт­кенін айтпақпыз. Аудандық мәдениет үйінің…

Толығырақ

Комиссия отырысы

Жуырда аудандық мәслихаттың «Жер­гі­лік­ті басқару, білім, мәдениет, спорт, ден­сау­лық, құқық, жастар ісі, әлеуметтік мәсе­ле­лері» жөніндегі тұрақты комиссия оты­ры­сы өтті. Комиссияда Арал аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қыз­ме­ті­нің бас­тығы, полиция подполковнигі Ә. Үм­бе­та­лиев «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету ша­ра­ла­рын орындайтын мекемелер мен ор­ган­дар­­дың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ, қыл­мыс­тық жазаларын өтеген адамдарға әлеу­мет­тік және өзге де көмекті ұйымдастыру бой­ын­ша жергілікті атқарушы органдардың жа­нын­дағы консультациялық кеңесші орган ту­ра­лы ереженің аудан көлемінде орындалуы ту­ра­лы» хабарлама жасап, осы бағыттағы істің бүгінгі жайын бүкпесіз ортаға салды. Ол өз сөзінде Ұлт жоспары «100 нақты…

Толығырақ

Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі маңызды

Жақында Жақсықылыш кентіндегі «Аралтұз» акционерлік қоғамының йод­талған ас тұзын өндіретін нысанында «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі, ХАССП жүйесі және халық арасында йод­же­тіспеушілік, тағамнан улану мен жұқпа­лы ішек ауруларының алдын алу» та­қы­рыбында және Арал аудандық тұ­тынушылардың құқықтарын қорғау  бас­қармасында «Балалар, білім беру және тағам объектілерін санитариялық-эпи­демиологиялық қадағалаудың өзек­­­­ті мәселелері және нормалау құ­жат­та­­­­рын түсіндіру» тақырыбында об­лыс көлеміндегі тұтынушылардың құ­­­қықтарын қорғау департаментінің, бас­­­қармалардың мамандарымен, Арал ау­дандық кәсіпкерлік бөлімі, кәсіпкерлер палатасы, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен об­лыстық се­минар өткізілді. Семинардың күн тәртібінде «Та­ғам өнімдерінің қа­уіпсіздігі, ХАССП жү­йесі және халық арасында йодже­тіс­пеушілік, тағамнан улану мен жұқ­палы ішек…

Толығырақ