Денсаулық министрлігі бас дәрігерлерді қысқартып, медбикелердің жалақысын көтермек

Денсаулық сақтау министрлігі ауруханаларды біріктіріп, көпбейінді емдеу мекемелеріне айналдыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Қазақпарат.

Министр Елжан Біртанов осылайша мемлекет қаражатын үнемдеуге болатынын айтты.

“Қазақстанда емxаналармен қамтамасыз ету көрсеткіші Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымына кіретін мемлекеттерден 40 процентке артық. Өйткені бізде көппрофильді ұйымдар көп. Ауруxаналарда 130-ға жуық жатын орын бар. Бұл Дүниежүзі банк ұсынған жоспардан төрт есе жоғары. Ал әлемдік тәжірибе бойынша жетекші стационарлар көпбейінді болып келеді. Бұл дегеніміз ол жақта медициналық қызметтердің саны көп. Сондықтан науқасты жүйелі түрде емдеуге мүмкіндік мол”, – деді Біртанов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Осыған байланысты елімізде аудандық және қалалық ауруханалардың құрылымын өзгерту жоспарлануда.

Министрдің айтуынша, аудандық емxаналарда жаңа медициналық қызметтер енгізіледі. Қалаларда балалар мен үлкендерге арналған емxаналарда қызмет көрсету түрлері артады. Ал жеке-дара жұмыс істейтін емxаналардың саны 360-тан 105-ке қысқарады. Яғни, емxаналар мен ауруxаналар өзара бірігіп жұмыс істейтін болады. Әкімшілік аппарат қысқарады, қарапайым медициналық қызметкерлер жұмысын істей береді. Басқарушы аппаратты қысқартудың арқасында жыл сайын 10,7 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік бар.

“Әкімшілік аппаратты қысқартамыз. Яғни, үш бас дәрігердің орнына бір дәрігер қоямыз. Бір бас дәрігердің өзі 300-400 мың теңге жалақы алады. Онымен бірге орынбасарлары мен есепшілері, өзге де әкімші қызметтері бар. Олардың бәрін үнемдеп, ақшасын медбикелер мен дәрігерлердің жалақысына қосуға болады”, – деді Елжан Біртанов.

Көрудің саны: 242  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру