«Екі нотамен айтылатын əнмен алысқа шаба алмайсың». Қайрат Нұртастың жаңа әні қатты сынға ұшырады

Ғаламторда Қайрат Нұртастың орындауындағы жаңа ән тарала бастады. Бұл біраздан бері хит шығара алмай жатқан әйгілі әншінің енді қайтадан жолы болып кетер ме екен деген сұраққа түрткі болып отыр.

«Қайран күндер» — аты айтып тұрғандай, өтіп кеткен бақытты шақтарды еске алатын жап-жақсы туынды. Оны ғаламторда тыңдағандардың көбі мақтап жатыр. Әсіресе, қырғыз ағайындардың Қайратқа деген ықыласы ерекше, деп хабарлайды Caravan.kz.

«Ким емне десе десин, Кайрат Нуртас казактын номер 1 анши баласы. Кайрат саган ечким жетбейт» депті Айда Абдилатова есімді Youtube қолданушысы қырғызша.

Ал қазақтар сол баяғы өз қандасын сынап қалудан қалысар емес. Мысалы, Gaini Nurgaliyeva есімді қолданушы бұл сонша таңдай қағатын ән емес деп отыр.

«Сол бір сарынды той əні, мен де айта аламын. Дастархан басында айтылатын əн. Ритм біздікі емес, ноталары ұрланған. Қайрат əйел құсап семіріп кеткен, беті жалпиып, бойы аласарып. Мұндай екі нотамен айтылатын əнмен алысқа шаба алмайсың. Ендігі ұмытып қалдым. Екінші тыңдай алмайсың» дейді ол.

Көрудің саны: 903  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру