Ел құптайтын бастама деп білемін

Еліміздің ертеңі үшін қолға алынып жатқан бастамалардың дені бүгінде жариялылық етек жайған елімізде көптің талқысына жиі түсіп жатыр. Сол мәселелердің бірі-еліміздің латын әліппиіне көшіп, тіліміздің жаңаша бір серпіліс тауып, қолданылу аясының кеңеюі еді. Қазіргі таңда осы жүйе сараланып, көпшіліктің ой-пікірі бір арнаға тоғысар пікірталас алаңдарында жиі талқылануда. Осы мәселеге орай Елбасымыз кешегі отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен болған баспасөз мәслихатында, өзінің ойын барша қазақстандықтармен бөлісті. Мемлекет басшы­сы қазақ тілін жетілдіру мен латын әліпбиіне көшудің маңыз­ды­лығына тоқтала келе:

-«Латынға көшу жайы баршаны да алаңдатып отыр. Бұл жайында көп айтылды. Біздің ғалымдар менің тапсырмаммен ұзақ уақыт жұмыс істеп, барлық тарихты қарап шық­ты. Көршіміз Өзбекстан, Түр­кия қалай енгізгендігін, олар­дың тәжірибесін қарады. Компью­терге бірден қоя салу үшін ілік болмау керектігін айттым. Ноқаты, үтірі бар, тек қазақ ды­бысына тән 8 әріп бар. Міне, соларды нақтылау қажет. Барлық мәселе осында», деді Елбасы. Осы ретте Мемлекет басшысы латын әліпбиін енгізуді Пар­ламентте талқылауды ұсынғанын тілге тиек етті. «Ымыра болғанда, тіл білімі мамандары мен тарихшылар ортақ келісімге келгенде мен жаңа әліпби жайында жария етемін. Бұл ертең осы әліпби қолданысқа енеді дегенді білдірмейді»,-деді. Сондай-ақ, кирилл әрпі де өз қызметін жалғастыра беретінін атап өтті. Сонымен қатар, 2022 жылдан бастап 1-сыныптардың латын әліпбиімен оқитындығын жеткізді. Демек алдағы жылдардың еншісіне бұйыратын осы бір бастаманың сәтті жүзеге асуы көбімізді толғандырмақ. Десе де, бұл мәселеде айтарлықтай алаңдаушылық жоқ секілді.

Иә, кейбір көршілес елдердің тілдік қолданысына әлдеқашан еніп кеткен латын әліппиі, олар үшін айтарлықтай мәселе тудырған жоқ деп білемін. Сондықтан, еліміздің болшаққа деген батыл қадамының көрінісі болатын осынау бастаманы қолдаймын. Және де алдағы уақытта осы жүйе ел мерейін одан әрі асырып, ұлттық тіліміздің мәртебесін биіктетеді деп білемін.

М. Албатыров,

психолог, жас маман.

Көрудің саны: 22  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру