ЕЛ  ЫҚЫЛАСЫ  ЕРЕКШЕ

Аудан әкімінің алты айдың қорытындысы бойынша жасаған баяндамасы өкілетті орган саналған депутаттар тарапынан ғана емес, барша аудан халқының да  ерекше ықыласына ие  болды. Бұл жөнінде аудандық «Толқын» газетінен оқып, жыл басынан бергі бастау алған жоспарлы жұмыстың жүйелі жалғасқанына көз жеткіздік.

Жыл көлемідегі табысты істер көптің көз алдында. Әсіресе, жүз жылдан астам тарихы бар аудан  орталығына айрықша көңіл бөлінгені қуантады. Рас, ойық-шұқыры көп қалаішілік  көлік жолдары  жүргізушіні де, жолаушыны да титықтататын. Міне, аз уақыттың ішінде көшелердегі сүреңсіз көріністер  жойылды. Сондай -ақ, аудан орталығының ажарын айшықтау мақсатында да көп көкейіндегі шаруалар бастандырылып,тарихи мәні зор ескеркіштер жаңғыртылды ,енді бірқатары жарасымды орнын тапты.

Иә, аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың  бастамасымен жасалған жұмыстар легіндегі   білім, мәдениет, ауылшаруашылық, кәсіпкерлік салаларына да басымдық берілгенінен құлағдармыз. Оның ішінде апаттық жағдайдағы мектептердің  алғашқылары  ауылдарда жаңадан  бой көтергенін айта кеткеніміз жөн.Өткен жылы шалғай  елді мекендерде ұстаз бен оқушыларды  шаттыққа кенелткен  жағымды жаңалық үстіміздегі жылы да жалғасын тапты.Асар әдісімен тұрғызылған мектептердің бірі Ерімбетжаға ауылында бар- тұғын. Жергілікті жұртшылық  жер тегістеген арнайы техникаларды көрген де, құрылысшы бригадалар келген де бөріктерін аспанға атты.

Болашақтарына баланған ұрпағының заманауи үлгідегі зәулім ғимаратта білім алатынын ойлап  шаттануда. Аталған құрылысты  жауапты мердігерлер дер кезінде аяқтап, пайдалануға беретін күнде алыс емес деп ойлаймыз.

Ақниет ЖАНҰЗАҚОВ,
Ерімбетжаға ауылы.

Көрудің саны: 32  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру