Елімізде алдағы күндері 45ºС дейін ыстық болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы үш күндегі ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Baq.kz.

«Батыс Сібір арқылы бірінен кейін бірі белсенді циклондар ығысуда. Соның әсерінен Қазақстанда кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ және дауылды жел тұрады. Республиканың батысы мен солтүстігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен ауа температурасы нормаға жақын және төмен болады деп күтілуде. Ал қалған аумақта температура климаттық нормадан 4-7ºС жоғары болады. Қазақстанның оңтүстігінде алдағы тәуліктерде аптап ыстық болады, күндіз 33-39ºС, кей жерлерде 40-45ºС ыстық болады деп болжануда», — делінген хабарламада.

Астанада 22 маусымда: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыс, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде +14+16°С, күндіз +29+31°С.

23 маусымда: көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с дейін жетеді. Сынап бағанасы түнде +18+20°С, күндіз +26+28°С.

24 маусымда: көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде +16+18°С, күндіз +25+27°С.

https://baq.kz/kk/news/kogam/kazakstanda_aldagi_kunderi_45s_deiin_istik_boladi20170621_150600

Көрудің саны: 342  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру