Еліміздің дарынды оқушылары Мұстафа Шоқай өмірін зерттеу үшін Қызылордаға келді

Қызылорда облысының тарихы, мәдениеті, экономикалық және әлеуметтік дамуы барысымен танысып, әлем таныған тұлға — Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қызметін зерттеу мақсатында Сыр өңіріне «Туған елге тағзым» өлкетанулық зерттеу экспедициясымен Алматы мен Шымкент қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  бір топ оқушысы келді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісі хабарлады.          Экспедиция барысында жас жеткіншектер Алаштың зиялысы Мұстафа Шоқайдың туған өлкесіне барып, оның өмірімен жан-жақты таныса алады.         Сонымен бірге Алаш орда тарихын зерттеушілермен тілдесіп, өз зерттеу жұмыстарына қажетті ақпарат ала алады. Сондай-ақ оқушылар Қазақ хандығының алғашқы астанасы — Сығанақ қалашығына барып, оның Қазақстан тарихында алар орнын зерттемек.        Бағдарламаға сәйкес жас өреңдер «Сауысқандық» шатқалындағы жартасты бейнелерді де көріп, Қорқыт ата ескерткішімен танысады деп жоспарлануда.

http://www.inform.kz/kz/elimizdin-daryndy-okushylary-mustafa-shokay-omirin-zertteu-ushin-kyzylordaga-keldi_a3036559

Көрудің саны: 18  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру