Ерке Есмахан жас әншінің бейнебаянына түсемін деп сынға қалды (видео)

Бүгінде қазақ эстрадасындағы әнші қыздардың ішінде “асығы” алшысынан түсіп, айы оңынан туып тұрған Ерке Есмахан жас әншінің бейнебаянына түсемін деп сынға қалды, деп жазады Stan.kz.

Ерке өзін Ханзада деп таныстырып жүрген жас жігіттің бейнебаянында басты рөлді сомдаған. Ән “Кел, сүй” деп аталады. Атап өтетін жайт, аталған клипте Еркеден бөлек, әнші Серік Ибрагимов те бой көрсетеді.

Жалпы сахнаға енді қадам басқан жас әншілер танымалдармен дуэт айтуға немесе оларды өз клиптеріне түсіруге құмар. Мұны танымалдылықты арттырудың төте жолы деп түсінеді жұрт. Өз кезегінде желі оқырмандарының басым бөлігі әннің Еркенің деңгейіне лайық емес екенін айтып, сынап жатыр. Десе де көпшілік бейнебаянды Ерке үшін тамашалағандарын мойындап отыр.

Ал Еркенің өзі болса: “Менің де жүрмейтін жерім жоқ”, – деп қалжыңдады.

Еске сала кетейік, бірнеше жыл бұрын Ерке “Ханзада” тобымен бірге дуэт айтқан болатын. Алайда ол кезде “Ханзаданың” құрамында екі жігіт өнер көрсетсе, бүгінде Мұхтар есімді жігіт сахнаға жалғыз шығып жүр.

Көрудің саны: 459  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру