Ернар Айдар елден жасырын түрде үйленіп алды

Ернар Айдар елден жасырын түрде үйленіп алды. Дүркіреп өткен тойға журналистер шақырылған жоқ. Сондай-ақ, әншінің үйленгенін әкімшісі жоққа шығарып отыр. Алайда Stan.kz оқырманы тілшімізге Ернардың қалыңдығын ұзатып алған сәтінде түсірілген суретті жіберді.

Ал үлкен той әншінің тойы өзінің туған жері Тараз қаласында бүгін, яғни 28 тамыз күні тойланбақ. Алайда Ернардың таңдаған жарына қатысты әзірге ешқандай мәлімет жоқ.

Бұған дейін Ернардың ағасы әрі продюсері Талғат Айдар жақында Ернардың жеке өміріне қатысты бар құпияның ашылатынын айтқан болатын.

Бұдан өзге, есімін атамауды өтінген бірқатар әріптестері Таразға Ернар Айдардың тойына бола барғандарын айтқан еді.

Есте болса, Ернар Айдардың шаңырақ көтергені жайында Stan.kz бірінші болып хабарлаған болатын.

Ернар Айдар елден жасырын түрде үйленіп алды

Көрудің саны: 8 944  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру