Естен кетпес естеліктерге толы болды

Тербенбес тауының баурайындағы №87 орта мектептің жас мұғалімдері Астана қала- сында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін та машалап қайттық. Бұл сапарымыз естен кетпес естеліктерге толы болды. Сондықтан зерделі оқырмандарға өз ойымызды, алған әсерімізді жеткізуге тырыстық. «Арал- Қызылорда» ба ғы тындағы «Икарус» көлігімен Қызылорда қа ласына жеттік. «Қызылорда- Жезқазған» бағытында ғы жол өте ауыр болды. Күні бойы жолда шаң-шаң болып, Астанаға әзер дегенде түс ауа жеттік. Ол жақта ауа-райы ыс тық екен. Әріптестерімізбен Астананы ара лап, неше түрлі ғимараттардың көркіне там сандық. Елордада шет елдік, отандық қо- нақ тармен жүздестік, олардың пікірлерін білуге тырыстық. Жер жәннаты Бурабайға да жол тарттық. Әріптестерімізмен жақсы кө ңіл күйде Бурабайға жеттік. Астанадан Бу- ра байға 2,5 сағатта жетуге болады екен. Бура- бай дың тамаша табиғатын аралап көрдік. Та- би ғатының әсемдігі сонша, жан-жағымызға қарап, тамсанумен болдық. Биік тастарына, алып жартастарына шығып, рахаттанып, «Жұм бақтасқа» бет алдық. Жұптасып ката- ма ран мен «Жұмбақтасқа» барып, тасына өр- мелеп, тағибатының сұлулығына тамсанып, Бу ра байды аралап болған соң, түс ауа Аста- наға келдік. Ертеңіне «Ехпо» қалашығына ат басын бұр дық. Қалашық өте үлкен, неше түрлі әр елдің павильондары көз тартады. Әуелі елі- міз дің павильоны «Нұр Әлемнен» бастадық. «Нұр әлем» сегіз қабаттан тұрады екен. Әр қа бат қа атау қойылған. Бірінші қабатында қа зақ тың салт-дәстүрлерін техника тілімен сөй лет кен. Одан кейін қуат көздерін қайдан алу ға болатынын түсіндіруге көңіл бөлген. Күн, Су, Жел, Био энергияларға байланысты әр қабатта толық қамтылған. Ғарыш әлеміне бой лауға, сезінуіңе де мүмкіндік бар. Ең соң- ғы қабатынды болашақ Астананың қандай бо- латынына байланысты безендірген. Сегізінші қабатына әйнек жол көпірден де өттік. Оның ерекшелігі 1 қабаттан-ақ көрініп тұрады. «Нұр әлем» павильонын аралап шығып, өзі- міз дің қалаған елдеріміздің павильондарын бөліп аралауға шықтық. Бізге АҚШ, Англия, Австрия, Франция елдерінің павильондары ұнады. Англия елінің павильонында киіз үй- дің моделін жасаған. Оның ерекшелігі адам қолымен ұстағанда жанып, жарық береді. Графеннен жасалған лампалар ұнады. Оның ерекшелігі 7 жыл бойы үздіксіз жанып тұ- рады екен. Қолынмен ұстағанда қолың күй- мейді екен. Австрия елінің павильонында ве- лосипедтер, түрлі ойын құралдары арқылы энергияны қалай өндіруге болатынын жет- кізіпті. Франция елі өзінің соңғы үлгідегі ток пен жүретін машина, мотоцикльдерін қойыпты. Қолыңмен ұстауға болмаса да, қалай ұстап, сипап қойғанымызды білмей қалдық. Көрме қонақтарының кеңесімен менің екі әріптесім Германия елінің павильонын ара- лап шығыпты. Германия павильоны ел мақ- та ғандай екен. Әр елдің павильонын түгел бір күнде аралап шығу мүмкін емес. «Ехпо-2017»- ден алған әсерімізді айтып, сол күні «Астана- Душанбе» бағытындағы жаңа пойызға отыр- дық. «Нұрлы жол» вокзалы халық мақтағандай, онда барлық жағдай жасалған. Ішінде түрлі бағытта эскалатор арқылы жоғары-төмен сыр ғып жатқан жолаушылар. Ауыр затыңды бас палдақтан көтеріп әуре болмайсың. Вок- залда «ЭКСПО» қалашығында және кеше- лерде телефонды қуат көзіне қосатын арнайы орындар жасалған екен. Соны көріп қуанып, қалта телефонымызды қуат көзіне қосып алдық. Жаңа вокзалдан пойызға отырып, 7 жас маман ауылымызға тез-ақ жетіп кел дік. «Сексеуіл-Жезқазған» бағытындағы те мір жолдың салынғанына қуанып, бір сөт кеде барып-қайтуға болатынына көзіміз жет ті. Бұл сапарымыз естен кетпес, көпке дейін айтып жүретін естеліктерге толы бол ды. Жаста- рымызды отансүйгіштік рухта тәрбие леу де мұндай игі істердің ролі зор дер едік.

Гүлназ ЖАКЕНОВА, Азамат ЖАҚСЫБАЕВ.
Сексеуіл кенті.

Көрудің саны: 20  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру