EXPO-2017 көрмесі ертең ашылады(видео)

Көптен күткен «ЕXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі ертең, 2017 жылы 9 маусымда өтеді. Салтанатты шара Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінен кейін басталады. Ашылу рәсіміне 17 мемлекеттің басшылары мен үкімет мүшелері, министрлер қатысады деп жоспарланып отыр. Baq.kz тілшісінің хабарлауынша, шара барлық республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі.

«Іс-шара Мемлекет басшыларының Көрме орталық экспозициясы – «Нұр Әлемдегі» Қазақстан павильонына келуінен басталады. Президенттер көрмені аралап, Қазақстан экспозицияларын тамашалайды. Әрі қарай Мемлекет басшылары Көрме аумағы мен қатысушы елдердің павильондарымен танысады. ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми ашылу рәсімі Конгресс-Орталығында өтеді және Амфитеатрдағы концерттік бағдарламамен жалғасын табады. Іс-шара аяқталғаннан кейін көрермендер Сферадағы проекциялық лазерлі шоуды және таңғажайып отшашуды тамашалайды», — деп хабарлайды ЭКСПО көрмесінің баспасөз қызметі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ашылу рәсімі барлық республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі.
Іс-шара көрме аумағында сағат 19:00 – де басталады, көрменің ашылу рәсімінің ресми бөлігі сағат 20:17-де өтеді. Сағат 21:30-да концерттік бағдарлама ұйымдастырылса, сағат 22:30-да проекциялық лазерлі шоу назарға ұсынылады. Сағат 22:45-22:55-те отшашу болады.

Естеріңізге сала кетсек, «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы ЭКСПО-2017 көрмесі Астанада 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Шара аясында 3 мыңнан астам мәдени шара ұйымдастырылмақ. Олардың қатарында 40-тан астам ғылыми конференция мен ірі форумдар, 126 ұлттық идея бар. «ЭКСПО-2017»халықаралық көрмесіне еліміз 28 жоба ұсынбақ. Көрмеге барлығы 2,4 миллион адам келедi, олардың 15 проценті шетелдік турист болады деп болжанып отыр.

Әлемдік деңгейдегі шараға 115 мемлекет пен 21 халықаралық ұйым қатысады деп жоспарлануда.

https://baq.kz/kk/news/ekspo_2017/expo2017_kormesi_erten_ashiladi20170608_150100?utm_campaign=2830429&utm_source=SendPulse&utm_medium=push
Көрудің саны: 55  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру