FACEBOOK ЖЕЛІСІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СЕГМЕНТІНДЕ ЖАҢА ВИРУС ТАРАЛЫП ЖАТЫР

Қазақстандық Facebook желісін қолданушыларына вирустың жаңа түрі зиян келтіріп отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Вирусты қабылдаған қолданушылардың достарына оның атынан сілтеме келеді. Ол сілтеме бойынша сіз өзіңіз туралы видеоны көре алатындығыңыз жайлы хабардар боласыз. Оны ашқан сәтте вирус кілт сөздерді ұрлайды.  Хабарлама шаблонында сізге жолдаушының аты сұрақ белгісімен жазылатынын айта кету керек, бұл сізді сілтемені ашуға итермелейді.
Қолданушылардың бірқатары достарын ескертіп үлгерді. Олар өздерінің атынан спам тарап жатқанын және сілтеме арқылы өтпеуін сұрады.
Көрудің саны: 193  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру