Головкин — «Канело» жекпе-жегін Қазақстанда қай телеарналар көрсетеді?

Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-1, 34 КО) жекпе-жегін Қазақстанда тікелей эфирде Qazaqstan және QazSport (бұрынғы»Қазақстан» және KazSport) телеарналары көрсететін болды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, бокс кеші 16 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Астана уақыты бойынша, бокс кеші 17 қыркүйекте, яғни жексенбіде өтеді.

Ал АҚШ-та Головкин — Альварес жекпе-жегін HBO телеарнасы ақылы трансляциялар жүйесі арқылы көрсетеді. Бір теледидардан көру құны — 75 доллар. Бокс кешіне барлық билет сатылып қойды.

Көрудің саны: 188  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру