Хабарландыру

Арал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің «Әскери-техникалық мектебінің» Тараз филиалына ақысыз негізде 18-26 жас аралығында орта, арнаулы орта және жоғары білімді әскер қатарына шақырылушыларды оқуға шақырамыз. Оқу 2017 жылдың 15-ші маусымында басталады деп жоспарлануда, оқу мерзімі 3 (үш) ай. Оқуды бітірген әрбір әскер қатарына шақырылушыларға «МТ-ЛБ механик жүргізуші» сертификаты беріледі. ҚР ҚМ «ӘТМ» Тараз филиалында әскери-техникалық мамандықтары бойынша оқыту аяқталғаннан кейін, әскерге шақырылушылардың осы санаты ҚР Қарулы Күштердің әскери бөлімдеріне мерзімді әскери қызметке міндетті түрде әскерге шақырылатын болады және әскери борышын өтеп болғаннан кейін, «МТ-ЛБ механик жүргізушісі»  мамандығымен келісім-шарт бойынша әскери қызметке орналасуға мүмкіншілігі бар. Әсіресе, Қызылорда қаласы маңындағы 66597 әскери бөліміне орналасуға болады. Үш ай мерзімге азық-түлікпен қамтамасыз етілуі, киер киімі, жатар орны 100% мемлекеттің тарапынан қамтамасыз етіледі. Әскери-техникалық мектебіне оқуға ниет білдіруші әскер қатарына шақырылушылар (азаматтар) Арал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 9 кабинетке немесе 2-18-47, 8 775 426 40 26 байланыс нөмірлеріне хабарласуларына болады.

Көрудің саны: 79  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру