Халық қолөнерін дамытушы

Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан қа­зақ қолөнері қашан да құндылығын жойған емес. Себебі, зергерлік өнер­­дің туындылары жауға айбар, жа­­қын­ға мақтаныш, аруға-ажар, жі­гіт­ке-жі­гер береді. Ал, осындай қол­өнер­дің бір тармағы-ағаштан түйін түйіп, тері, сүй­ек, темірден түрлі ту­ын­­дылар жасап жүрген жер­ле­сі­міз, бү­гінде қала ор­та­лы­ғы­нан көр­кем­­деп безендіру ше­бер­ха­насын  ашып, көпшіліктің сұранысын қанағат­тан­ды­рып отырған Мырзабек Қаныбаев. Қазақ қолөнерін өрістетуге өзіндік  үле­сін  қосып жүрген шебер бізбен әң­гі­месінде:
-Халық шеберлері темірді, күмісті, алтынды және олардың қоспаларын көркемдеп, өңдеу әдісін ерте кезден-ақ меңгеріп, олардың жыл сайын тех­­но­логиясын жетілдіріп, тамаша бұ­йым­дар жасаған. Мәселен, темірді бедерлеп құю мен өрнектеудің озық үлгісі республикамыздың тарихи-өлкетану мұражайларында сақ­тал­ған. Яғни, мүліктерді, зергерлік бұйым­дар­ды күміспен батырмалап өр­нек­теп, жұқа қаңылтырдың бетін бе­дер­леп көркемдеу жұмыстарымен айна­лыс­қан біз, бүгінде бұл әдісті соңғы технологиямен жетілдіріп, ау­дан халқының сұранысын қанағат­тан­дырып отырмыз. Осы мақсатта ше­бер­хана ашып, бұрынғы қалып пен бү­гінгі сәнді үйлестіре отырып, тың дү­ниелер туғызуға ден қойдым.  Осы өнерге қызығушылығы бар жас­тарға сурет салу, қарапайым ең­бек құралдарының көмегімен қол­дан зат, бұйым жасауды үйреттім. Ағаш­тан ойып, бейнелер жасауға машық­тан­дым. Оның ішінде, мүйізден иіп жа­саған «Су патшасы-Сүлеймен пе­ріш­тесі» мен «Ақ желкен» кемесі та­қы­рыптарында дүниеге келген туын­дыларым  «Шебер-2016» рес­пуб­ли­ка­лық байқауында жүлделі орынға ие болды. Сондай-ақ, қолданбалы бе­зен­діру өнеріне бүгінде тапсырыс бар. Көбінесе келушілер өз қиялдарымен қиюластырып, тапсырыс береді. Әри­не, біз де  олардың талабына жауап­кер­ші­лікпен қараймыз,-деді.
Мырзабек  1989 жылы Ақтөбе мә­де­ни-ағарту училищесін көр­кем­деп безендіру мамандығы бойын­ша бітірген. Кәсібінің көкжиегін ке­ңей­­ту бағытында ашқан шебер­ха­на­сына жуырда несие алып, «Ин­фи­нити» аппаратын сатып алды. Қа­ра­мағында еңбек ететін 3 жұ­мыс­шы мекемелерден келіп түскен түрлі афиша, плакат және көше атау­лары жазылған тақтайшаларды осы за­ма­науи құрал арқылы даяр­лап жа­тыр.
Үнемі қайырымдылық шараларын назардан тыс қалдырмайтын қол­өнер­шінің алға қойған мақсаттары көп-ақ. Соның бірі-болашақта ісі іл­гері басып жатырса, ауданымыздан қо­л­өнер­шілер мектебін ашу. Біз де оған кә­сі­біңнің нәсібін көре беріңіз демекпіз.

Света Үсенқұлова.

Көрудің саны: 126  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру