Көптің әсері ерекше

Астана төрінде өтіп жатқан ЭКСПО көрмесі қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінен келуші туристердің көңілін өзіне аударуда. Бүгінде ЭКСПО қалашығының аумағы күнде той. Күн сайын әр елдердің павилондары ашылып, келушілердің күн сайын қызық көріп жатқаны да белгілі.

-Мен ЭКСПО көрмесіне өз жанұяммен бірге барғанмын. Бұл ЭКСПО көрмесінен ерекше әсер алдық. Жалпы, аталмыш көрме жайында осы кезге дейін көптеген ақпараттар естіп келдік қой. Алайда, барлығы да көзбен көргендей болмайды екен. Мұнда әр елдің бай мұрасы мен мәдениетінен хабардар болып, жетістіктерін тамашалауға мүмікіндік мол. Тіпті бас-аяғы бірер күннің ішінде осы көрмені тамашалау арқылы әлем елдерін аралап қайтқандай күй кештік дейді,-ЭКСПО көрмесіне отбасымен барып қайтқан Арал аудандық оқушылар үйінің үйірме жетекшісі Төребек Дәрмағанбетов.

Расымен, қараса көз тойғысыз қалашық аумағындағы қызықтар мен мәдени ойын-сауықтар санында шек жоқ. Күн сайын әр елдің павилиондары ашылып жатқандықтан, оның қызығы да көпті өзіне құштар қылуда. Өйткені, елімізде өтіп жатқан мұндай маңызды шараны өз көзімен көрген де арманда, көрмеген де арманда. Сондықтан, жыл бойғы еңбектің соңында алатын кезекті еңбек демалысын жаз айларына жоспарлаған әрбір тұрғын, жоспарлы демалысының бір-екі күнін осы ЭКСПО көрмесіне арнаса еш өкінбес деп есептейміз. Қалай дегенмен, халықаралық маңызға ие көрменің көпке ұнайтын тұстары жетерлік. Оны сөзбен айтып жеткізу де мүмкін болмас. Демек, ондағы қызықты өз көзімен көргенге ештеме жетпесі анық.

А. Аманов.

Көрудің саны: 32  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру