КӘСІП ПЕН НӘСІП

Құланды түбегі-жылқы мен түйе өсі­руден аты шығып, құт-бе­реке да­­рыған жер. Ра­сында, қашан­нан атадан қалған мал шаруа­шылығын өмірлік несібесіне балаған. Жаз жай­лауға, қыс қыстауға көшіп, тұрмыс-тіршілігінің негізіне айналған бұл кә­сіпке ерекше ден қойған. Сондықтан да болар, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып ке­ле жатқан ата кәсіпті бүгінгі күнге дейін желісін үзбей келе жатқан аза­мат­тардың қатары көп. Оның үстіне, аталмыш шаруашылықты жаңғырту мен дамытуға мемлекеттік қолдаудың да жыл сайын артып отырғаны көңілге қуа­ныш ұялатады. Осы бағытта «Сы­баға», «Алтын асық», «Құлан» сын­ды бағдарламаларының игілігін кө­ріп отырған ауыл азаматтары жетер­лік. Бұл бағдарламалар ауыл ша­руа­шы­лығы тауарларын өндіру­ші­лер үшін ең қолжетімді несиелендіру бағ­дар­ла­ма­ларының бірі. Сонымен қатар, қиын­­шылықтан қашпайтын адамдарға мем­лекет субсидиялау арқылы қолдау көрсетіп, жан-жақты көмектеседі. Бұл, әрине, ауыл адамдары үшін үлкен көмек.
Нарық талабына сай өз кәсібін ашып, жақсы табыс тауып, одан қал­ды, басқаларды еңбекпен қамтып отыр­ған адамдар саны ауылда да кө­бейіп келеді. Осындай берекелі бас­та­ма­мен кәсібінің тасын өрге домалатып отырған кәсіпкерлердің бірі, ауыл тұр­ғыны–Наурызай Қалыбаев. Ол «Жұ­мыспен қамту» бағдарламасы бойынша пайызы төмендетілген 2 млн. теңгеден астам қаржы алып, оған жылқы малын сатып алды. Бүгінде кәсіпкердің мал басы саны артып, кәсібінің нәсібін кө­ріп отырған жайы бар. Ал, 2015 жы­лы «Сыбаға» бағдарламасы аясында «Ықы­лас» шаруа қожалығы 1 бас асыл тұқымды бұқа мен Үкіметтен жем-шөбіне тиісінше субсидия алды. «Мал баққанға бітеді» демекші, аталмыш қожалықтың да жұмысы алға басып келеді.
«Егінші жылда арманда, балықшы күнде арманда» деген бір қанатты сөз бар. Айтса айтқандай, төрт түлік мал өсі­румен қатар, құландылықтар балық аулаудан да қалмай, жылымдары май­ланып, тұрмыс жағдайлары жөнделіп қалғанын мақтан етеміз. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама аясында кәсіп ашып, табыстың көзін тапқан жанның бірі-Жандос Кұлманов. «САРАТС» жо­­ба­сының бірінші кезеңінің нәтиже­сінде, Кіші теңіздің қайта арнасына толып, жергілікті  халықтың байырғы ата кәсібін қайта жалғауына мүмкіндік жасады. Қазіргі таңда «Ақбасты» өн­дірістік кооперативінде 10-15 адам ба­лық аулаумен айналысып отыр. Тір­­шілігінің қайнарын көк те­ңіздің тереңінен сүзген бір топ балықшы қауым бүгінде қытымыр қыс­тың қа­һары мен шіліңгір жаздың ыс­ты­ғына қарамастан, терліктері тер­ден кеп­пей еңбек етіп келеді. Ау­лан­ған ба­лық­тың жарамдылығын қам­та­ма­сыз ету мақсатында 30 тонналық тоңазытқыш пен 2 тонналық мұздатқыш са­лынып, жұ­мыс жасауда. Ал, мұнда жы­лына 300 тоннаға жуық ба­лық ау­ланып, үл­кен сұранысқа ие болып отыр. Ал­дағы уақытта кәсіп­кер кәсі­бінің ау­қымын кеңейтіп, жұмысшылар санын арттыруды көздеп отыр. Табаны тар­тылып, сортаң тарт­қан Кіші те­ңіз­дің толысып, осы­лайша қай­та жанда­нып, тағы да қай­наған тір­­шілік­тің ор­тасына айнала бас­таған­­дығы жұрт­шылықты шын қуанта­тыны анық.
Экономиканың қарыштауына бір­ден-бір басты тетік болып табылатын-шағын және орта кәсіпкерліктердің сан мен сапа жағынан қатар ұлғаюы да ауылдың оң істерді қалыптастыруға сеп­тігін тигізері сөзсіз. Осылайша, мал, балық шаруашылықтарының алға басуымен бірге ел-жұрттың мұң-мұқ­та­жын да ұдайы назарда ұстап, қайы­рым­дылық жоралғысын да ұмыт қал­дыр­маудамыз.

Гүлназ  Оралбаева,  
ауылдық округтің
жетекші маманы.

Көрудің саны: 142  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру