Кәсіпкерлік саласында қарқын бар

Соңғы жылдары елімізде кәсіпкерлік саласына ерек­ше көңіл бөлініп, нәтижесінде, аталған сала ел экономикасының негізгі күшіне айналып келеді. Бұл ретте, әлем елдерінің тәжірибесі біздер үшін үлкен мүмкіндік болып отыр. Бүгінде кәсіппен айналысам деуші әрбір жанға мемлекеттен қандай да бір көмек бар. Бастысы, кәсіппен айналысам деген ниет бол­са болғаны. Тіпті, бұл бағытта кәсіп бастаймын деу­шілерге толыққанды кеңестер беріліп, жан-жақты қолдаулар да көрсетіліп келеді. Осы ретте, аудан бюджетінің толығуына қомақты үлес қосып келе жатқан кәсіпкерлік саласы бойынша облыстық кәсіп­керлер палатасының Арал ауданындағы филиалы дирек­торының кәсіпкерлер алдындағы есепті кездесуі өт­кенін айтпақпыз.
Аудандық мәдениет үйінің ғимаратында өткен жиын­да аудан әкімі М. Оразбаев кәсіпкерлік сала­сы­ның аудандағы даму деңгейіне кеңінен тоқтал­ды. Осы саладағы атқарылған толымды істерді тілге тиек еткен облыстық кәсіпкерлер палатасының Арал ауданындағы филиалы директоры Қ. Еңсепов атал­мыш саладағы еселенген көрсеткіштерге жеке-жеке тоқталды. Мәселен, 2016 жылдың 10 айында шағын кә­сіп­керлік субъектілерінің саны 3844-ке жетіп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 268 бірлікке ұлғайған. Ал, нәтижесінде 5605 адам жұмыспен  қам­ты­лып, көрсеткіш 263 адамға артып отыр. Сондай-ақ, 2015 жыл мен 2016 жылдың 10 айында аудандық кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері кәсіпкер немесе кәсіпкер болуға ниетті 1378 аудан тұрғындарына мемлекеттік бағдарламалар аясында 2440 кеңес берсе, сервистік қыз­мет түрлері бойынша 508 аудан кәсіпкерлеріне көмек көрсетілді. Сонымен қатар, «Бизнестің жол кар­тасы-2020» бағдарламасының төртінші бағыты аясында кәсібін енді бастағалы отырған және кәсібін бастағанына 1 жыл толмаған азаматтарға «Бизнес Ке­ңес­ші», «Бизнес өсу» және «Жобалық оқу» жо­балары аясында 12 рет екі күндік оқу семинар ұйым­дастырылып, 248 адам сертификат иеленді. Және де, бүгінгі күнге дейін аудандық палата кеңесшілері кәсіп­керлердің өтінішіне сәйкес 153 бизнес-жоспар жасап беріп, нәтижесінде, кәсіпкерлер қайтарымсыз грант және несиелерге қол жеткізуде.
Мұнан соң, кәсіпкерлердің аудан көлемінде құқық­тарын қорғау мәселелері жөнінде Арал ауданының бас прокуроры Б. Тоқмырза сөз сөйлеп, осы бағыт­та кәсіпкерлік палатасымен бірлесе жұмыстар атқа­ра беретінін сеніммен жеткізді. Сөз кезегін одан әрі жалғаған аудандағы кәсіпкерлер кеңесінің тө­ра­ға­сы Т. Бисембаев осы салаға қатысты ортақ мә­се­лелер төңірегінде айтып, іскерлік бағытта жүрген кәсіп­кер­лерге сәттілік тіледі.
Көпке ортақ күрделі әрі табысты сала төңірегінде жан-жақты баяндаған Қызылорда облыстық кәсіп­кер­лер палатасының директоры Ғ. Жақсылықов, аудан кәсіпкерлерінің құқығы қашан да қорғалатынын, қан­дай да бір туындаған кедергілерді шешуде бірге жұмыс жасайтынын ортаға салды. Сондай-ақ, бұл саладағы өзінің ұзақ жылдық тәжірибесімен бөлісті. Жиын со­ңында жиналғандар тарапынан ұсыныс-пікірлер ай­тыл­ды. Барлығына да заңдылығына сай жауап қай­тар­ған мамандар, алдағы уақытта бірлесе жұмыс атқа­ратынын айтты. Қорытынды сөз алған аудан әкімі М. Оразбаев бұл салада туындайтын мәселелерді назарынан тыс қалдырмайтынын айтып, қолдан кел­ген­ше кәсіпкерлерге қолдау жасайтындығын жеткізді.

«Толқын» ақпарат.

Көрудің саны: 83  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру