Комиссия отырысы

Жуырда аудандық мәслихаттың «Жер­гі­лік­ті басқару, білім, мәдениет, спорт, ден­сау­лық, құқық, жастар ісі, әлеуметтік мәсе­ле­лері» жөніндегі тұрақты комиссия оты­ры­сы өтті. Комиссияда Арал аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қыз­ме­ті­нің бас­тығы, полиция подполковнигі Ә. Үм­бе­та­лиев «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету ша­ра­ла­рын орындайтын мекемелер мен ор­ган­дар­­дың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ, қыл­мыс­тық жазаларын өтеген адамдарға әлеу­мет­тік және өзге де көмекті ұйымдастыру бой­ын­ша жергілікті атқарушы органдардың жа­нын­дағы консультациялық кеңесші орган ту­ра­лы ереженің аудан көлемінде орындалуы ту­ра­лы» хабарлама жасап, осы бағыттағы істің бүгінгі жайын бүкпесіз ортаға салды. Ол өз сөзінде Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 33-қадамын жүзеге асыру бойынша пробация қызметінің алдына зор міндет қойылып отырғанын айтты. Шартты үкім пробацияның қызмет ауқымы кеңейді. Осыған байланысты енді пробациялық бақылау шартты сот­тал­ған­дарға ғана емес, сонымен қатар бостандығы шектеулі азаматтарға да қатысты жүзеге асы­рылады. Сондай-ақ, шартты түрде мер­зі­мінен бұрын босатылған адамдарға про­бация­лық бақылауды белгілейді. Сонымен бірге, әкімшілік қадағалау белгіленген азамат­тар­дың әлеуметтік-құқықтық көмек алуына жәрдемдеседі.
Хабарламашы темір тордың ар жағынан босатылған және шартты жазаға кесілгендерді жұмыспен қамту мәселесі жайлы әңгіме қоз­ға­ды. Жыл басынан бері аудандық халықты жұ­мыспен қамту орталығына аудандық ішкі істер бөлімі және пробация қызметі бөлімі арқылы түзеу мекемелерінен босап келген 42 азамат тіркеуге алынып, оның ішінде 11 азамат заңдылықтарға сәйкес ақылы жұ­мыс­қа, 1 азамат әлеуметтік жұмысқа, ал, 26 адам тұ­рақты жұмысқа орналасқанын жеткізді. Мұндай тағдыры тәлкекке түскен жандарға көмек көрсету мақсатында алдағы уақытта да жан-жақты жұмыстар жүргізілетін болады.
Комиссияда аудандық мәслихат депу­тат­тары тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер ес­керіліп, қаулы қабылданды. Отырысты атал­мыш тұрақты комиссияның төрағасы, депутат А. Асанбаев қорытындылады.

Қ. Ержігітқызы.

Көрудің саны: 55  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру