Өліп, қайта туғандар жайлы…

Өлген адамдардың қайта туатыны жайлы әлем елдерінің баспасөз беттерінде жиі жазылып жүр. Оған бірқатар оқиғаларды мысал етіп көрсетеді. Біздің елде де бұл тақырыпқа қалам тартатындар кезігіп тұрады. Біздің елде де мұндай оқиға орын алған екен. Өлген адамдардың қайта туатыны шын немесе өтірік екенін дәлелдеу ғылымның еншісінде. Ал біз әлемнің әр түкпірінде орын алған осындай оқиғаларды оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Осындай оқиғаның бірі Үндістанда болған екен. Бұл туралы «Эхо планеты» журналы жазған. Басылымдағы мәліметке қарағанда үнділік Титу есімді ұл бала ауырмай-сырқамай, ақыл-есі бүтін күйінде бірде: «Менің есімім – Суреш Варма, Аградағы дүкеннің қожасымын, Ума атты әйелім мен екі балам бар болатын» деп айтып салады. Бұны естіген әке-шешесі тез Аграға жетеді. Шынында да баласының айтқанының бәрі дәл келеді. Варма атты саудагердің болғаны, ол басынан оқ тиіп өлгені анықталады. Бір қызығы Титудың басының дәл сол жерінде үлкен мең бар екен. Бұдан кейін бала Титуды Аграғa апарады. Ол бірден сұрамай-ақ, өз үйін тауып «өзінің әйелін» бірден таныған. Ал балаларын өз аттарымен атаған.

Сондай-ақ тағы бір оқиғада он жасар ағылшын қызы бір сағат ішінде испан тілінде сөйлеп кеткен. Өз ана тілін түсінбей, әке-шеше, бауырларын танымастай халге жеткен. Ол бір нәрседен қорқатынын нұсқап айта берген. Ал дәрігерлер қыздың дені сау деп тапқан. Испан тілін білетін тілмаш арқылы қызбен сөйлескенде ата-анасы есінен тана жаздайды. Қыз: «Мен Испаниядағы Толедо қаласында өмір сүргем. Менің көршім қызғаныш үстінде маған пышақ сілтеп, содан алған жарақаттан қайтыс болғам» дейді. Сонымен бұл жас қыз да Толедо көшесіндегі үй-жайын, тіпті қылмыс болған жерді де есіне сақтап қалған. Кейін полиция дерек бойынша тексергенде, бәрі расталады. Испан полициясы болса, осы мекен жайда тұратын қарт ата-ананың елді сұлулығымен таңқалдырған 22 жасар қыздарын біреулер өлтіріп кеткенін, ал ол әлі ашылмағанын айтады.

Сондай-ақ, Ресейде болған бір оқиғада Саша Федоренко атты алты жасар бала туралы былай баяндалады. Сашаның дені сау. Оның айыбы үйінде аз уақытқа да қалудан қорқады. Алғаш бұның себебі неден екені белгісіз болды. Дәрігерлер Сашаның денсаулығы бір қалыпты екенін айтады. Бір қызығы Саша жас кезінде (екі жас) әртүрлі аңдар бейнесін келтіріп, әртүрлі жан-жануар қимылын және даусын дәл салған екен. Қала баласының жан-жануарды көрмесе де оның бейнесін қалай келтіргені түсініксіз. Саша үш жасында өзіне таныс емес тоғайға әке-шешесімен барғанда да орман ішіндегі жол бағыттарын өзі айтып отырған. Тағы да бірде Сашаның ыстығы көтерілген. Ол шешесі Натальяға: «Сен менің шешем емессің, ол мүлде басқа адам болатын» дейді. Алғашында, онысы дене ыстығының әсері болар, дегенмен Саша дене ыстығы қайтқан соң да бұрынғы сөзін қайталай берген. Бұл неліктен? Сашадан неге қорқасың деп сұрағанда, ол «мен бұдан бұрын бір рет өртенген болатынмын. Үйіміз өртеніп кеткен еді. Мен үйдегі шкаф ішінде қалып, үймен бірге жанып кеткем» деп жауап берген. Сондай-ақ, Саша өзінің бұрынғы аты да Саша екенін айтқан.

Дәрігерлер мен парапсихологтар Сашаның феноменін (ерекше қабілет) түсіндіруге болатынын айтады. Адамның миы негізгі ойлау (логикалық) мен түйсіктік (интуитивтік) екі жарты шардан тұратынын білеміз. Ал үлкендерде көбінесе мидың ойлау бөлігі көп жұмыс істейді де, түйсіктік бөлігі ұйықтап немесе жартылай жұмыста болады. Ал жас балаларда керісінше екен. Сондықтан да, кейбір кішкентайлар өткен өмірін тез ойына келтіре алады екен. Баланың өткенді еске сақтауы жоғары болады.

Тағы бір ұқсас оқиға Алматыдағы қайғылы жағдайға байланысты болған.

1988 жылы 22 қыркүйекте алматылық Венера деген оқушы қыз мектептегі дене шынықтыру сабағында кенеттен қайтыс болады. Өлімнің себебі дәрігерлерге де және басқаларға да жұмбақ болып қалады. Бір жылдан кейін, 1989 жылдың наурызында Башқұртстанның Бақалы деген ауылында Венера есімді қыз дүниеге келеді. Бұл мұғалім болып істейтін ерлі-зайыпты Асадуллиндердің төртінші перзенті екен. Венера 6 жасқа толар-толмастан оқшау мінездер танытып, ата-анасына үш ұйықтаса да ойға келмейтін создер айта бастайды. Сонымен, бір күні Венера: «Сендер менің әке-шешем емессіңдер, менің папам мен мамам Алматыда. Пәтеріміз 5 қабат үйдің екінші әлде үшінші қабатында» дейді. Оған қоса папасының қызыл «Москвичі» барын, ауруханада операция жасалған шешесіне екеуі сонымен барғанын, көрші подъездегі қызды көз алдында машина қағып кеткеніне шейін айтады.

«Менің атым Байрам» деп те айтып жүреді. Мұндай тосын құбылысқа алғаш қорқынышпен қараған анасы, кейін ойланып илана бастайды. Анасы Алматыға «Вечерняя Алма-Ата» газетіне жағдайды айтып, хат жазады. Газет оқиғаны бірден жариялайды. Көп ұзамай Алматыда қайтыс болған Венераның әкесі Мұса мен анасы Халида Абдрахмановтардан хабар алады. Олар «Біздің Венера атты қызымыз болған. Ол қайтыс болған. Оны еркелетіп Байрам деуші едік» деп хат жазады. Марқұм қызының шашы қара болғанын да, көрші қызды машина қаққанын да жазады. Қысқасы, жас Венераның айтқандары толық расталады. Екі жақ та телефон арқылы сөйлескенде, таң қалысады.

Сәби Венерадан «Алматыдағы мамаңның аты кім?» деп сұрағанда, мамасының сіңлісінің атын айтқан. Себебі, Венераны мамасының сіңлісі баққан екен. Ал апасының атын нақты айта алмағанымен, бірге оқыған жақын қыздың түр-тұлғасын нақ айтқан. 1996 жылы алматылық Абдрахмановтар Башқұртстанға барады. Венера «папа, мама» деп құшақ жая ұмтылады. Екінші ата-анасын тапқаннан соң ғана Венера тынышталыпты. Кейін де екі отбасы хабарласып тұрған.

Бұл не? Ғарыштық тылсым күштің әсері ме? Шынымен жан басқа денеге ауыса ма? Қасиетті Құранға жүгінсек, күнәсіз сәбилермен атақты ақ ниетті ғалым, дін тағы басқа халыққа қажеттілерді тозақ сотында сұраған соң астралды денені әбден сүзгіден өткізіп, тазалап, онда тоқтатпастан бірден жердегі адамның тәніне енуге жібереді екен. Бұндай жағдайлар «Ақ өліммен» қайтыс болғандарда қайталанатын сияқты.

«Ғаламның жұмбақ сырлары»

кітабынан алынған

Толығырақ: http://alashainasy.kz/gazhaip/olp-kayta-tugandar-jaylyi-98998/

Көрудің саны: 464  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру