«ҰЛТ БОЛМЫСЫ» ЖУРНАЛЫНЫҢ «АЛАШ ЖОЛЫ» ӘДЕБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БӘЙГЕСІ – БАС ЖҮЛДЕ ТЕМІР ТҰЛПАР!

Жігерім неге жаншулы,
Жүрегім неге шаншулы,
Ұрандап атқа қонатын,
Ұлдарым неге таусылды.
Айбынды,руxты Алаштың,
Толағай тұрпат, тау сынды,
Жүрегі түкті жігіттер,
Естимісің даусымды?! —

Бақытбек Смағұл

Республикалық патриоттық, әдеби-танымдық «Ұлт болмысы» журналы мен Ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының «Қазақстан АРДАГЕРЛЕРІ» қауымдастығы бірлесе отырып, «Алашорданың» құрылғанына 100 жыл толуына орай поэзия, проза, журналистика және драматургия салалары бойынша дәстүрлі «Ұлт болмысы әдеби сыйлығы» байқауын жариялайды. Алаш қайраткерлерінің арманы мен мақсаты дербес ел болу еді. Біз бабалар аңсаған сол бақытқа қол жеткізген ұрпақпыз. Алаш идеясы – «Мәңгілік Ел» идеясымен өзектес, тамырлас. Себебі, елдік, ұлттық мұраттың көздегені мен аңсағаны бір мүдде мен ұлттық тұтастық қана. «Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз!» деп әз жандарын пида еткен арыстардың өлмес, өшпес, ерліктерін жырлап, аманатын насихаттау — әр қазақтың қасиетті борышы һәм міндеті. Байқаудың мақсаты мен міндеттері: Ақындар мен жазушылардың қарым-қабілеттерін ашып, шабыттарына қанат бітіру. Алаш арыстарының қайраткерлік образдарын жасау және әдеби мұраларын насихаттау. Руханияттың маңызды саласы әдебиеттің дамуына ат салысу. Жас буын, жаңа есімдермен толығуына үлес қосу. «Ұлт болмысы» әдеби сыйлығы (біреу) – бас жүлде Темір тұлпар Жүлде қоры: поэзия бойынша Бірінші орын — 500 000 теңге Екінші орын — 200 000 теңге Үшінші орын — 100 000 теңге Ынталандыру сыйлығы — 50 000 (екеу) теңге Міржақып Дулатұлы атындағы арнайы жүлде (біреу) 150 000 теңге Жүлде қоры: проза бойынша: Бірінші орын — 500 000 теңге Екінші орын — 200 000 теңге Үшінші орын — 100 000 теңге Ынталандыру сыйлығы — 50 000(екеу) теңге Әлихан Бөкейхан атындағы арнайы жүлде (біреу) 150 000 теңге Жүлде қоры: Журналистика бойынша (Эссе, очерк, деректі хикаят): Бірінші орын — 500 000 теңге Екінші орын — 200 000 теңге Үшінші орын — 100 000 теңге Ынталандыру сыйлығы — 50 000 (екеу) теңге Ахмет Байтұрсынұлы атындағы арнайы жүлде (біреу) 150 000 теңге Жүлде қоры: драматургия бойынша: Бірінші орын — 500 000 теңге Екінші орын — 200 000 теңге Үшінші орын — 100 000 теңге Ынталандыру сыйлығы — 50 000(екеу) теңге Қошке Кеменгерұлы атындағы арнайы жүлде (біреу) 150 000 теңге Қатысу шарттары: Байқауға әр автордан топтама өлең немесе толғау, баллада, поэмалармен қатар әңгіме, хикаяттар, сондай-ақ, журналистика саласы бойынша эссе, очерк, деректі мақалалар қабылданады. Байқауға жолданатын шығармалар бұрын еш жерде жарияланбаған (әлеуметтік желілерде де жарияланбаған) және ешқандай байқауларға қатыстырылмаған болуы керек. Байқауға келіп түскен үміткерлердің шығармалары келісім бойынша «Қамшы» порталында жарияланып отырады. Үздік шығармаларды «Қамшы» порталы оқырмандары сауалнама арқылы дауыс беріп анықтайды. Оқырмандар тарапынан жоғары дауыс жинаған шығармаларды танымал ақын-жазушылардан құралған қазылар алқасы әділ сараптайтын болады. Қазылар алқасының шешімі қайта қаралмайды. Сайысқа түсетін шығармаларға қойылатын талаптар: Байқауға түрлі жастағы ақындар мен жазушылар, драматургтер және журналистер қатыса алады; Байқауға қатысатын үміткерлер өз шығармаларымен бірге «Ұлт болмысы» журналына бір жылға жазылғаны жөніндегі Қазпоштаның түбіртегінің көшірмесін міндетті түрде бірге жіберуі қажет. (Алматы қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі 23, 407-кеңсеге, Ұлт болмысы журналының индексі 74479) Шығармалар наурыздың 15-інен 2017 жылдың 30 қазанына дейін қабылданып, жеңімпаздарды марапаттау 2017 жылдың 10 қарашасында күні Алматы қаласында өтеді. (өзгерістер болса қосымша хабарланады) Шығармалар тек компьютерге теріліп, электронды нұсқасы төменде көрсетілген мекен-жайда қабылданады; Шығарманың электронды нұсқасы бүркеншік атпен мына электронды пошталарға жіберілуі керек: ultbolmysi@mail.ru Қатысушының аты-жөні; тұрғылықты мекен-жайы, телефон нөмірі, электронды адресі, өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпаратты жеке конвертке салып, Алматы қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі 23, 407-кеңсеге, «Ұлт болмысы» журналына жіберуі тиіс (Ұлт болмысы журналының индексі 74479). Байланыс телефондары: 8727 2 20 96-66, 87755655762, 87753028671 Сайысқа барлық шарттарға сай (техникалық, мазмұндық, т.б.) әзірленген шығармалар ғана қабылданады; Тек қазақ тіліндегі шығармалар ғана қабылданады; Барлық шығармалардың жазылған мерзімі көрсетілуі тиіс; Қосымша талаптар: Шығарманы компьютерге Times New Roman қарпімен, 14-кегльмен теру керек.

«Қамшы» сілтейді

http://qamshy.kz/home/show/16179

Көрудің саны: 299  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру