МӘНІ ЗОР, АУҚЫМЫ КЕҢ БАҒДАРЛАМА

Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, Елбасымыз «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. «Адам баласы-шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер-әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырыңда еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды» деген Елбасымыз бағдарламаның мәнін де айқындап берді. Сондықтан, әсіресе, білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, сондай-ақ, жергілікті жерлердегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Ол үшін, орта мектепте туған жер тарихына байланысты тарихи мәліметтер берілуі керек. Туған жеріміздегі әрбір тау мен өзеннің, сай мен қырқаның атауы туралы тарихи деректерді, сонымен бірге, елге пана болған азаматтардың өнегелі өмір жолын жас ұрпақтың біліп жүргені қандай ғанибет! Сондай-ақ, басқа аймақтарға көшіп кетсе де, туған жер- лерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлер мен шенеуніктерді, зиялы қа- уым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау көрсету керектігі де Елбасы назарынан тыс қалмады. Ол үшін, жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алып, баса көңіл бөлуі керек. Сонда қаламыз бен ауылдарымыз көк желекке бөленіп, заман тала- бына сай мектептерді компью- терлендіруге, музейлер қорын байыта түсуге болады. Міне, осындай шараларды қолға алып, жүзеге асырғанда «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады.

Роза ШАРАПАТОВА, Арал қаласы.

Көрудің саны: 52  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру